Индустрия мен Инновация

Жасыл технология мемлекеттің қолдауына зәру дейді ғалымдар

  • Жасыл технология мемлекеттің қолдауына зәру дейді ғалымдар

    Жасыл технология мемлекеттің қолдауына зәру дейді ғалымдар

Белгілі ғалым, техникалық ғылымдар докторы Баянды Диханбаев еліміздегі жасыл технологияны қолдайтын инвесторлар қажет деп есептейді. Өйткені үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес, қазіргі таңда жаңңа инновациялық жобаларға қолдау көрсетудің маңызы зор.

Ғалымның айтуынша, қазір елде энергия үнемдейтін құрылғыларды ойлап таба алатын инноваторлар жеткілікті. «Бірақ мемлекет қолдауынсыз бұл идеялар жүзеге аспайды. Біздің кәсіпкерлер тез арада табыс тапқысы келеді. Ал біз ұсынып отырған жобалар халыққа пайда әкелуге бағытталған. Оны жүзеге асыру үшін көп уақыт және қаражат керек. Бизнесті бұл қызықтырмайды. Егер бұл мәселе мемлекет тарапынан шешілмесе, тың жобалар қағаз бетінде қалып қояды», дейді ғалым.

Сол себепті бұл мәселені Жасыл технологиялар орталығы қолға алуды жоспарлап отыр.

ҚР ЭМ жанындағы экология жөніндегі қоғамдық кеңес жетекшісі Салтанат Рахымбекова ең алдымен, жасыл технологиялар реестрін жасау керектігін алға тартты. «Тағы бір мақсатымыз – отандық инноваторларға қолдау көрсету. Коммерцияландыру орталығы осымен айналысады. Оның үстіне инвесторларды тарту мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс», дейді ол.


Сондай-ақ ғалымдар кен орындарынан шығатын техногенді қалдықтарды өңдеуге мемлекеттен ешқандай қолдау жоқ екенін де айтты. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз жиынында «жасыл» экономика үшін «G-Global» альянсының ғалымдары мәлімдеді. Елімізде техногенді қалдықтардың мол қоры бар. Қайта өңдесе түрлі метал заттарын, құрылыс материалдарын және бойындағы оттегі газын да пайдалануға болады. Техника ғылымдарының докторы Баянды Диханбаев арнайы жобасын қорғап жүргеніне 30 жылдан асыпты. Қайта ағылшын компаниялары сынақтан өткізуге грант бөлген. Тіпті, «Салық төлейсің» деп мемлекет 200 мың долларын алып қойған. Егер ғалымның жобасы жүзеге асса, далада жатқан шаң-тозаңнан күректеп пайда табуға болады.

Баянды Диханбаев, техника ғылымдарының докторы: - Күлі көп көмір жанып жатыр. Соның барлығы далаға шығып кетеді. Мысалы, Еуропада сол шыққан күлдің 99 пайын қайтадан өндіріске жіберіп жатыр. Ресейде -10, Қазақстанда мен білмеймін мүмкін 0,01 шығар. Біздің мақсатымыз осы қондырғыны пайдаланып ЖЭС жылуға бөлінетін жылуды бөлдіріп, соның ішінен шыққан күлінен силикатты материал алу.


Алаш айнасы


 




Көрілген: 741    Пікірлер: 0

жұма, 10.11.2017, 11:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша 2017
    Инновация игілігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31