Индустрия мен Инновация

Жыл соңына дейін ҮИИД бағдарламасы аясында 3 жоба іске қосылады

  • Жыл соңына дейін ҮИИД бағдарламасы аясында 3 жоба іске қосылады

    Жыл соңына дейін ҮИИД бағдарламасы аясында 3 жоба іске қосылады

Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін индустриялды инновациялық дамыту бағдарламасы аясында 3 жоба іске қосылатыны белгілі болып отыр. Облыста өткен отырыста Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жалдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру барысы талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Кәсiпкерлiктi қолдау картасына 67 млрд. теңгенiң 36 жобасы енген. Екi мың жұмыс орны ашылмақ. 2015 жылдан бастап бүгiнге дейiн 12,8 млрд. теңгенiң 24 жобасы iске асты. Жыл соңына дейiн 4,4 млрд. теңгенiң 3 жобасы енгiзiлмек. 188 жұмыс орнын ашу көзделген. Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы аясында 2010 жылдан 56 жоба енгiзiлiп, 148 млрд. теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Тек 9 айдың iшiнде 37,4 млрд. теңгенiң өнiмi шығарылды», -деді Индустриялы-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов.

Бағдарлама аясында майлы дақылдарды өңдеу кешенi, бидайды терең өңдеу зауыты, авиациялық зауытты салу көзделген. Оған Қытай, Ресей және Нидерландының инвесторларын тарту көзделген.

Облыс әкiмi инвесторларды тарту бойынша жұмысқа қарқын қосуды тапсырды.

«Аудан әкiмдерiнiң жұмысы жеке инвестицияларды тарту бойынша бағаланады. Белсендi жұмыс iстеп, инвесторларға барынша жағдай жасау қажет. ЖШС басшыларымен де қоян қолтық жұмыс iстеңiздер», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы қала әкiмi Марат Тасмағанбетовке де өнеркәсiп аймағында бос тұрған 60 ғимаратты iске жаратып, инвесторларды тартуды тапсырды.

Отырыста облыста туризмды дамыту мәселесi де талқыланды. Қазiр өңiрде 91 туристiк нысан бар. Оның 37-i Айыртау ауданында орналасқан.

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылында облысқа 53200 турист келдi. Былтырғы жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 48 пайызға көп. 393 млн. теңгенiң қызметi көрсетiлдi, 2016 жылмен салыстырғанда 23 пайызға артық.

Құмар Ақсақалов туристiк нысандарды қалыпқа келтiрудi тапсырды.

«Қазiр 44 нысан 5 ауданда шоғырланған. Оның 90 пайызы стандартқа сай емес. Қызмет көрсету сапасы төмен. Қосымша қызмет түрлерi көрсетiлмейдi. Бiз өңiрiмiздiң мүмкiндiгiн толық пайдалана алмай отырмыз», — дедi аймақ жетекшiсi.

Облыс әкiмi жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамытуға да көп көңiл бөлудi тапсырды.

Алаш айнасы 




Көрілген: 285    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 11.11.2017, 15:06

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30