Индустрия мен Инновация

Қазақстанда жаңа электромобильдер шығарыла бастайды

  • Қазақстанда жаңа электромобильдер шығарыла бастайды

    Қазақстанда жаңа электромобильдер шығарыла бастайды

 Келесі жылы Қазақстанда құрастырылатын «JAC» маркалы 300 электромобиль тұтынушыларға жол тартпақ. Бұл жаңалықты таяуда Елордада өткен «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» тақырыбымен өткен форумда отандық автоөндірушілердің өкілі Сергей Могилатов жария етті.


– Бүгінгі күні көлік құрастыру форумы аясында біз стратегиялық қадам жасамақпыз. Бұл тұрғыда өзара серіктестік нәтижесінде «JAC» модельді электромобильдердің сериясын Қазақстанда шығаруды жоспарлап отырмыз. Оның тұсаукесері Қытайда осы айда өтеді. Сәйкесінше, бұдан кейін Қазақстанда сертификаттау жұмыстары іске асырылады. Егер электромобильдердің нақты осы моделін шығару туралы айтар болсақ, алғашқы партия 2018 жылы шығарылады. Олардың саны шамамен 300-ге жуық болмақ. Ал ауқымды түрде шығаруды 2019 жылға қарай жүзеге асыруды ойлап отырмыз, – деді ол.

Сергей Могилатов аталған көліктердің бағасы шамамен қанша болатынын айта алған жоқ. Оның мәлімдеуінше, сертификаттау жұмысының толық циклы аяқталмағандықтан, олардың құны қанша болатыны әзірге белгісіз. Сертификаттың соңғы бағаға әсері болатыны сөзсіз.

– Менің айтарым, Қазақстанда құрасты­рылған электромобильдердің бағасы қарапайым автокөліктерден қымбат болмайды. Қанша айтқанмен, бұл енді ғана қадам басып келе жатқан жаңа технология. Тіпті қолдағы ұялы телефонның өзі де қуаты бітіп қалған кезде шаршата бастайтыны белгілі. Ал, электромобиль бағытында бұл мәселенің маңызы кем болмайды. Сондықтан, ең алдымен тұтынушы қай жерге барып, қуаттандырып аламын деп жүрмейтіндей, электрлік инфрақұрылымды жолға қойып алу керек. Біз қарапайым жанар-жағармай құю бекетінде 3-5 минут аралығында көлікке бензин құйып аламыз, – дейді маман.

Шындығында да, электромобильдерге қуат толтыру мәселесі оңай шаруа емес. Сол себепті түні бойы қуаттанатын көліктер күні бойы жүріп бере алатындай жағдайға жеткізу керек.

– Сонымен бірге, жақын бекетте 10 минуттың ішінде қуат көзін 80 процентке толтырып алатындай жағдай жасалуы тиіс. Әр электромобильде екі порт бар. Бірімен үйде қуаттандырып алса, тұтынушы екіншісін бекетте қолданатын болады, – дейді С.Могилатов.




Көрілген: 688    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 08.11.2017, 19:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша 2017
    Инновация игілігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30