Индустрия мен Инновация

Кен байыту фабрикасы іске қосылады

  • Кен байыту фабрикасы іске қосылады

    Кен байыту фабрикасы іске қосылады

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанның алтын өндіру саласындағы ірі жобаларының бірі - Жарма ауданында игеріліп жатқан «Бақыршық» пен «Большевик» кен орындары. Атап өту керек, мұндағы алтын қоры 280 тоннаны құрайды. Ал әр тоннадағы алтынның үлесі 7,7 грамм. 

Өңірде кен орындарының жұмысы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асуда.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапары барысында «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС ат басын бұрып, кешенде жүріп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарымен танысты. Жаңа атауын алған «Қызыл» жобасы аталмыш аймақта ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Келер жылы инвестор – ресейлік «Полиметалл» компаниясы алғашқы кенді игеріп, жаңа байыту фабрикасын іске қоспақ. Жоспарға сай, мұнда 2 миллионға жуық кенді флотациялық байыту әдісі бойынша өңдейді. Ал 2019 жылы толық іске қосылып, қуаты артқан соң, 10 тоннадан аса алтын концентратын шығарады.

Атап өту керек, бақыршықтың алтыны морфологиялық құрамына қарай қаншалықты ерекше болса, соншалықты күрделі. Сондықтан, ресейлік инвесторлар ұсынған технология бұрынғысынан тиімді.

«Биылғы инвестициялық капитал 51 млрд теңгені құрайды, былтыр 29 млрд. болған. Компания қолданып отырған жаңа технологияның арқасында келер жылдың бірінші жартысында нысан іске қосылып, жұмысын бастайды деген сенім зор. Айта кетерлігі, компанияның әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысады. Мәселен, Өскемендегі бірқатар аурухананың, атап айтқанда, терапиялық кешеннің құрылысы, «Нұрлы» жол саябағы сияқты ауыз толтырып айтарлық жұмыстарға етене атсалысып жатыр», – деді Даниал Ахметов.

«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру мақсатында жалпы саны 1 млрд. 74 млн.теңге инвестиция құйды. Соның арқасында, Әуезов кентіндегі 20 жыл бойы бос тұрған балабақша ғимараты, сондай-ақ, дәрігерлік амбулатория мен спорт залы күрделі жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілді. Алдағы таңда ауылдағы орта мектеп те жөндеуден өтеді. Ол үшін ШҚО әкімі жергілікті бюджеттен 300 млн. теңге бөлінетінін жеткізді.


Алаш айнасы

 




Көрілген: 647    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.11.2017, 23:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша 2017
    Инновация игілігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31