Индустрия мен Инновация

Өнеркәсіп салаларын цифрландыру үшін білікті мамандар қажет

  • Өнеркәсіп салаларын цифрландыру үшін білікті мамандар қажет

    Өнеркәсіп салаларын цифрландыру үшін білікті мамандар қажет

Индустрияландыру бағдарламасы еліміздің 2020 жылға дейінгі дамуында маңызды орын алады. Бағдарламаның басты ерекшелігі – ол ел экономикасын кешенді әрі жүйелі түрде дамыту мәселесін қарастырады. Мемлекетіміздің өнеркәсіптік әлеуетін толық пайдалану – еліміздің барлық ресурстары мен күш-қуатының қарқынды инновациялық даму жолына түсуіне ықпал етеді.Қазақстандық технологияларды дамыту үшін Өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтын құру ұсынылып отыр. Бұл жайында Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.


Өнеркәсіп салаларын цифрландыруға тоқталған министр, «Қазіргі уақытта еліміздегі көптеген кәсіпорындардың Индустрия 4.0-ге толық көшуге технологиялық және ұйымдастырушылық базасы жеткілікті болмай отыр. Бұл ретте, 84 пайыз өңдеу және 56 пайыздан астам тау-кен өнеркәсіп кәсіпорындары Индустрия 2.0 деңгейінде жұмыс істейді. Біздің талдауымыздың барысында Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге кедергі болып отырған тежеуіш факторлар анықталды. Бұған бизнесті цифрландыру арқылы түсетін экономикалық пайданы толық түсінбеу, отандық зерттеулердің және автоматтандыру мен цифрландырудың әлсіз дамуы, білікті кадрлардың және қаржы мен инфрақұрылымның жетіспеуі себеп болып отыр», - деді.


Ж.Қасымбектің сөзіне қарағанда, осы кедергілерді жою үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, жүйелік тиісті шаралар келесі бағыттар бойынша әзірленді: нормативтік реттеуді жетілдіру, цифрлы инфрақұрылымды, Индустрия 4.0 технологиясы бойынша өзіміздің технологиялар мен оның құзіретін дамыту, адам капиталын, қаржылық және басқа шараларды ынталандыру. Сондай-ақ Индустрия 4.0 технологиясын енгізуді насихаттау мен цифрлық жобаларды іске асыруда бизнеске ықпал ету үшін моделді цифрлық фабрикалар құрылатын болады. Олар цифрлық технологияларды насихаттау алаңдары және Индустрия 4.0 құзыретінің ұлттық орталығы болмақ.


«Өзіміздің технологиялар мен олардың құзыреттіліктерін дамыту үшін өнеркәсіптік автоматтандыру және цифрландыру институтын құру ұсынылады.Сондай-ақ, барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы үшін мамандандырылған «Индустрия 4.0» тұғырнамасын құру жоспарлануда»,-деді ведомство басшысы.


Белгілі болғандай, жүйелі шараларды әзірлеумен қатар, ірі компаниялармен цифрландыру саласында нақты бастамаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күні жүйеқұраушы компаниялар (Қазмырыш, ERG, АрселорМиталл Теміртау, Қазақмыс) цифрландыру бойынша жоспарларын қалыптастырды және облыстардың әкімдіктерімен тиісті жол карталарына қол қойылды. «Алдымен Индустрия 4.0 элементтері бар жүзеге асырылған жобалар туралы айтып өткім келеді. KAZ Minerals компаниясы Бозшакөл және Ақтоғай озық технологиялы кен байыту кешендерін іске қосты. Бұл өндірістер байыту фабрикасын автоматты басқару, карьер жағдайын жоғары дәлдікпен мониторингтеу жүйелері сияқты Индустрия 4.0 технологиясының базасында жұмыс жасайды. Мұның нәтижесінде, компания Бозшакөлдегі 1 қызметшіге - 105,7 млн теңгені (308 мың АҚШ доллары) құрайтын еңбек өнімділігінің ең жоғары көрсеткішіне қол жеткізді, бұл Қазақстан Республикасындағы осы тектес өндірістердің көрсеткіштерінен 8 есе артық»,- деді министр. Басқа да мысал ретінде «Алтынтау Көкшетау» АҚ алтын өндіретін кен орнын атап өтуге болады. Онда карьерді онлайн-режімде мониторингтеу және өнеркәсіптік интернет жүйесі енгізілген. Бұл жүйелер еңбек өнімділігін 25 пайызға арттыруға мүмкіндік берді.


 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 08.11.2017, 19:30

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 20:04
Инновация игілігі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30