Индустрия мен Инновация

Шымкент мұнай өңдеу зауыты өзіне жүктелген міндеттерді артығымен орындауда

  • Шымкент мұнай өңдеу зауыты өзіне жүктелген міндеттерді артығымен орындауда

    Шымкент мұнай өңдеу зауыты өзіне жүктелген міндеттерді артығымен орындауда

Мұнай өңдеу нарықтық перспективаларды, экономикалық әсерді және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өңдеуші өнеркәсіптің неғұрлым тартымды секторы. Базалық мұнай-газ химиясы (бастапқы нысандарда мұнай-химия өнімдерінің өндірісі) – Қазақстан экономикасының жаңа перспективалық саласы делінген – "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 627 қаулысында.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына, Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI жалпы отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасына сәйкес елімізде мұнай-газ саласында іргелі де ірі жұмыстар атқарылып келеді.

Міне жақында ғана Шымкент мұнай өңдеу зауыты қазан айында өндірістік рекордқа қол жеткізді


«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – Шымкент мұнай өңдеу зауыты қазан айында 503 753 тонна мұнай өңдеді. Ал Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бізге қазан айына арнап бекіткен жоспарының көлемі 390 мың тонна болатын. Қазан айындағы жоспар 129,71%-ға артығымен орындалды. Мұндай көрсеткішке Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы рет қол жеткізіліп отыр.


2017 жылдың 10 айында зауытта барлығы 3 807 881 тонна шикізат өңделді, бұл белгіленген жоспардан 207 881 тоннаға артық.


Қазан айында 114 072 тонна К2 және К4 экологиялық класына жататын АИ-92 маркілі бензині өндірілді, ал белгіленген жоспар 56 727 тонна болатын.


Осылайша, Шымкент мұнай өңдеу зауыты нарықты қажетті мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша өзіне жүктелген міндеттерді артығымен орындауда.


Алаш айнасы




Көрілген: 1223    Пікірлер: 0

жұма, 10.11.2017, 12:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша 2017
    Инновация игілігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30