104 жастағы адамның 40 өсиеті

104 жастағы адамның 40 өсиеті

 1. Айналаңдағы тіршілікті жан-жү­регіңмен көруді үйрен, көз көргеннің бәріне қуана біл – шөпке, ағашқа, құсқа, жануарға, жерге, көкке.

Олар­ға мейірімді көзбен, сезімтал жүрекпен қара, сонда кітапта жазылмаған білімді көресің. Сен олардан өзіңді көресің – жуасыған әрі жаңарған өзіңді.

2. Жылдың кез келген уағында бір­неше минут жерде жалаңаяқ тұруды әдет қыл. Жер өзі шақырып алмай тұр­ғанда тәніңе жердің лебін сездір.

3. Судың жағасында отыруға уақыт бөл. Су шаршағаныңды басады, ойыңды та­зартады.

4. Шөлдемесең де сәті түскен жердің бәрінен таза су ішуді әдет қыл. Су –бә­рі­не ем.

5. Дастарханыңда күнде­лікті көкөніс болатын болсын. Күннің жылуымен піскен көкөніс өте пайдалы. Бірінші орында – қызылша, жер бетінде оған жететін көкөніс жоқ. Сосын – бадана (фасоль), асқабақ, жидектер, сәбіз, қызанақ, бұрыш, саумалдық, салат, алма, жүзім, алхоры.

6. Жаман тамақ – шұжық, қуырылған картоп, тәттілер, консервілер, маринадтар. Ме­нің асым – дақылдар, ба­дана, көк шөп. Жыртқыш ет жеп алады да, тойғаннан әрең қозғалады. Ал жыл­қы сұлы жеп алады да, күні бойы арба сүйрейді.

7. Бір уыстан, бірақ жиі-жиі жеген жақсы. Аз тамақ ішу үшін суды көп ішем. Компот ішіп, дақыл тамақты көп жеймін. Шикі көкөністі жеймін. Бейсенбінің кешінен бастап жұманың кешіне дейін ауыз бекітемін. Тек су ішемін.

8. Ораза – барып тұрған қазына. Ораза ұстағаннан артық ештеңе де мені жасар­тып, жеңілдетпейді. Сүйек­терім жеп-жеңіл, құстікіндей болады. Жүрегім жас жігіт­тікіндей жалындап тұрады. Ораза ұстаған сайын бірнеше жасқа жасарамын.

9. Таңның атуы мен күннің батуы – сен үшін. Жұ­мыс тек таң атқанда қы­зады. Соған дағдылансаң, тәнің де, рухың да мықты болады. Кеш батқанда ми тезірек тынығып, ұйқыда тазарады.

10. Ашық аспан астында көбірек жүруге тырыс. Салқын үйде тұрып үйрен. Аяқ-қолың жылы болса бол­ғаны. Ал басың салқын ауада тез тынығады. Жылы үй­ден тәнің тез қартаяды.

11. Әлжуаз, тоңып жатқан тәнді шөптермен күшей­теді. Бір уыс шөп: қарақаттың, құлпынайдың, таң­­­қу­рай­дың жидектерін, жа­пы­рақтарын, бұтақтарын уыстап алып қайнаған суға бұрқ еткізеді. Соны күні бойы іш. Қыстай пайдасын көресің.

12. Жаңғақтың қасиеті туралы ұмытпаңыз. Грек жаңғағы ми үшін аса пайдалы. Күнделікті бір шай қа­сық жаңғақ майын жеген жақсы.

13. Адамдарға мейірімді бол. Байқампаз бол. Бәрінен бірдеңе үй­ренуге болады. Тіпті бос кеуде біреуден де. Адам­дардан өзіңе жау ізде­ме, оларды өзіңе дос қыл­ма. Сонда еш қиянат көрмейсің.

14. Маңдайыңа жазыл­ған нәрсе болмай қоймайды. Тек күте біл. Саған беріл­мейтін нәсіпті күтіп әуре болма. Жаның жай болсын.

15. Ырым-тыйымға сене берме. Біреудің басын дұғамен айналдырып алудан аулақ бол. Жаның мен жүрегіңді таза ұста.

16. Жаның жабырқаған кезде көп жүру керек. Далада, орманда, су бойын жағалап. Су қайғыңды тартып алады. Есіңде болсын: жаның мен тәнің үшін ең жақсысы – ораза, дұға, ауыр жұмыс.

17. Көп қозғал. Домалаған тасқа қына бітпейді. Уайым-қайғы бір жерде ұстап тұра береді. Олардан басыңды алып қашпа. Бірақ сені басқарып кетуіне де ырық берме. Жаңа істі үйренуден ешқашан қорықпа. Өзің жаңарасың, есейесің.

18. Мен ешқашан шипажайда демалған емеспін, бір жексенбіде бос жатқан емеспін. Менің демалысым – жұмыс ауыстыру. Қолым қимылдағанда жүйкем демалады. Басым істеген кезде тәнім күшейеді.

19. Аз сұрама. Бар қалау­ыңды айт. Түйе сұрасаң, бие береді.

20. Бар дүниеден пайда табуды көздеме, өзің әжетке жарағаныңа қуан. Бүр жармаған бұтақ шіріп кетеді.

21. Қылжақбас, мысқылшыл болма, бірақ көңілді бол.

22. Тойып тамақ ішпе! Аш жыртқыш тоқ адамнан әлдеқайда ақылды, жылдам келеді. Бір уыс құрма мен бір құты шарап ішкен Рим легионерлері бүкіл сауыт-сайманымен жаяу-жалпы 20 шақырым жүгіріп өтіп, тоқтамастан жау әскеріне соққы беріп, жарты күн тынбастан соғысқан. Тойыну мен аз­ғындаудан Рим империясы құлады.

23. Тамақ ішкенде сусын ішпе. Тамаққа дейін де, кейін де ештеңе ішпе.

24. Балаң ауырып, ауруханада жүрмеу үшін оны табиғаттың құшағына жібер. Бала күннен жалаңаяқ жүруді үйрет. Жақсы жаттықтырады. Күнде күйсе пайдасы тиеді, маса, ара шақса, ол да – табиғат. Қалақай шақса, суық суға жуынса, тікен кірсе, шіріген алма жеп қойса, онда аурудың алдын алғаны, жаттыққаны, тәні де, жаны да мықты бола түседі.

25. Көкөністі пышақпен турағанда ол жердің берген қуатын жояды. Оларды бүтіндей асып жеген пайдалы. Пиязды қолмен не ағаш тақтаймен езгілеген дұрыс.

26. Дүкеннің шайын іше берме. Мен үшін ең жақсы шай – алмұрттың жас талынан жасалған шай. Пайдалы, жұпар иісті, емдік қасиеті зор. Артық су мен тұзды шығарады. Буын қабын­ғанды басады. Кофе, шай, тәтті сусын, сыра жүрекке зиян.

27. Егер шаршасаң, әлсіздік сезінсең, ағзаны тынықтыр. Ішкен асың жеңіл болсын. Ол үшін күні бойы бір ғана тамақты ішіп-жеу керек. Келесі күні басқа тамақты талғажау етеді. Осылай бір апта ағзаны сауықтырады.

28. Қартайғың келмей ме? Аптасына бір рет «Алма-жаңғақ күнін» жаса. Таңертең 8 алма мен 8 жаңғақ даярла. Шамамен әр екі сағат сайын бір алма, бір жаңғақ же. Сонда асқазаның күні бойы бос болмайды.

29. Тез шаршап қалатыныңды сезсең, жұмысқа зауқың болмаса, күніне екі-үш рет сәбіз жеу керек. Ол қуатыңды нығайтады.

30. Ыстық тамақты бір-екі ретке ғана жаса, тамақ ылғи жаңадан жасалуы керек.

31. Жидектер маусымы басталғанда тамақ жемесең жеме, тек жидек же. Күніне бір кесе болса да жеп тұр. Егер жұлдыз – аспанның көзі болса, жидек – жердің көзі. Олардың бәрі пайдалы. Әрбірі деніңе саулық береді. Шиеден қарбызға дейін.

32. Өмірге ғашықтықты баптай біл. Ішкі махаббатыңды әлдиле.

33. Үндемей қалатын уақытың болсын. Тыныштықты есту үшін, өзіңмен-өзің болу үшін.

34. Ненің жақсы, ненің жаман екенін жүрегің айтсын, елдің сөзіне сенбе.

35. Сен туралы кім не деп жатқанына бас қатырма. Тазалық пен арлылық үшін өзіңе-өзің сот, өзіңе-өзің сыншы бол.

36. Адамдарға ренжіме. Сынама. Сен кешірген әр адам сенің өзіңе деген махаббатыңның тамшысы болмақ.

37. Егер жүрегіңде махаббат болса, онда үрейге орын қалмайды.

38. Дауласпа. Әркімнің өз шындығы бар. Өз реніші болады.

39. Қолында дымы жоқ емес, ылғи жоқ дей беретін адам – кедей.

40. Ешқашан балаға айқайлама, қол көтерме. Әйтпесе олардан құл тәрбие­леп шығарасың.

Аударған – Шынар ӘБІЛДА.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста