Сұрақ-Жауап. Кеңес

31 желтоқсанда не істеуге болмайды?

  • 31 желтоқсанда не істеуге болмайды?

    31 желтоқсанда не істеуге болмайды?

Тауық жылы қол бұлғап, есіктен ит жылы сығалап тұр


Жаңа жылды әркім асыға күтетіні рас. Себебі жаңа жыл – жаңа бақыт, жаңа табыс, жаңа үміт. Бірақ Ит жылының дәл сіз ойлағандай болуы жаңа жылды қалай қарсы алатыныңызға да байланысты.


Жаңа жылмен байланысты ырым-тыйымдар, наным-сенімдер көп-ақ. Солардың бірсыпырасын еске түсіруді жөн көрдік.


Сонымен, 31 желтоқсан күні не істеуге болмайды?



  • Жаңа жыл қарсаңында ешкімнен ақша алмаған дұрыс. Әйтпесе бір жыл бойы қарызға батып жүресіз деген наным-сенім бар.

  • 2018 жыл мәнсіз, ұйқымен өткенін қаламасаңыз, жаңа жыл түні сергек жүріп, ұйықтамауға тырысыңыз.

  • Жаңажылдық дастарқаныңыз дәмді мен тәттіге толы болсын. Бұл да келер жылы үйіңізде береке мен молшылық деген ырыммен.

  • Жаңа жыл алдында үйдегі жарық, сынық ыдыс-аяқтан құтылуға, терезелер мен айнаны жуып, тазалап қоюға кеңес береміз.

  • 2018 жылы сәтсіздіктерге душар болғыңыз келмесе, 31 желтоқсан күні жыл бойғы қиындықтарыңызды ұмытып, тек көңіл сергітер тақырыптарда әңгімелескен жөн.

  • Ит жылын лас, жиналмаған үйде қарсы алу – жамандықтың белгісі. Себебі жаңа жылда сіздің де өміріңіздің астаң-кестеңі шығып, сәтсіздікке ұрыну қаупі бар. Сондықтан Жаңа жыл қарсаңында үйді тап-тұйнақтай жинап, жуып-тазалаған жөн. Бірақ мұны 31 желтоқсанда емес, оның алдында жасау керек.

  • Жаңа жылда жалғыз қалмауға тырысыңыз. Мерекені туған-туыстар мен жақын достардың ортасында қарсы алған абзал.

  • Өткен жылға өкпелеп, реніш сақтауға болмайды. Керісінше, бақытты сәттеріңізді көбірек еске түсіріп, шүкіршілік етіңіз. Сонда келе жатқан 2018 жылы да қуанышты сәттеріңіз мол болмақ.

  • 31 желтоқсанда біреумен жанжалдасып, кикілжіңге бармаған абзал. Әйтпесе Жаңа жылда қас дұшпандарыңызды көбейтіп алуыңыз ғажап емес.

  • 31 желтоқсан күні сағат кешкі 18:00-ден кейін үйден қоқыс шығаруға болмайды. Үлгермей қалсаңыз, ертесі күнге қалдырыңыз.




sputniknews.kz




Көрілген: 793    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 31.12.2017, 15:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2017
    Ит жылынан не күтесіз?
    23 Желтоқсан 2017
    Бесік қашан пайда болған?
    15 Желтоқсан 2017
    Көлік атауларының тарихы
    6 Желтоқсан 2017
    Миллиардерден 5 кеңес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31