7 күнде 5 кг! Сымбатты болуға көмектесетін керемет ас мәзірі!

7 күнде 5 кг! Сымбатты болуға көмектесетін керемет ас мәзірі!

Бұл тамаша диетаның құпиясы мынада: сіз тағамды қорытуға энергия жұмсайсыз, соның салдарынан арықтау үдерісі де жылдамдай түседі. Құрамында калорияның артық мөлшері жоқ. Сол себепті тамақтанудың дәл осы тәсілі сізді дегеніңізге жеткізетініне сенімді болыңыз!

1. Жемісті күн
Күні бойы бананнан басқа жеміс-жидектің бәрін жей бересіз. Салмақты жақсы түсіретін қарбыз болып саналады. Күні бойы қарбыз жеу өзіңді жеңіл сезінуге көмектеседі. Салмақтың да жеңілдей түскенін аңғара қоймасаңыз да, сезінуге болады.

2. Көкөністі күн
Екінші күн – тек қана көкөніс жеңіз. Оны буға бықтырып, қайнатып, шикі күйінде жеуге болады. Тағамға жүгері мен бұршақ тұқымдас тағамдарды араластырмау керек. Түскі асқа аздап сары май жағып, пешке піскен картоп жеуге рұқсат.

3. Көкөністер + жемістер
Көкөніс пен жемістердің қандай түрін жегің келеді, күні бойы жеуге рұқсат. Жаңа піскен көкөністерді турап, лимон шырыны мен чили бұрышы қосылған салат дайындаңыз. Өте дәмді әрі жылдам арықтауға көмектеседі. Бірақ бұл күні картоп жеуге мүлдем тыйым салынады.

4. Банан + йогурт
Таң қалмаңыз: бүгін банан жеу керек, ағзаңыз қосымша минералды заттарды қажет етеді. Ал бананның құрамында калий көп. Бір күнде бүтін 8 банан жеп, 8 стақан майсыз сүт пен майсыз йогурт ішіңіз.

5. Тауық еті + қызанақтар
Күні бойы тауық пен жаңа піскен қызанақ жеңіз. Сосын міндетті түрде көп су ішу керек. Ағзадан артық тұз бен қышқылды шығару үшін, желінген әрбір қызанақпен 1 стақан су ішіп отыру керек.

6. Тауық + көкөністер
Тауық пен көкөністі қосып, өзіңізге ұнайтын ас мәзірін әзірлеп алыңыз. Әрине, картоп пен бұршақты тағамдарды қосудың қажеті жоқ.

7. Сорпалы күн
Күні бойы ішіп, артық салмақты жоюға көмектесетін керемет сорпа дайындаңыз.
2 үлкен пиязды, 1 кәді (кабачок), 1 болгар бұрышы, қызанақ, балдыркөк (сельдерей) мен аскөк болса, жеткілікті. Барлық көкөністерді дәмдеуіштермен бірге қайнатып, дайын болғанда блендерде ұнтақтау керек.

Міне, 7 күн осы жеңіл диетаны сақтай отырып, өзіңіздің салмағыңызды реттей аласыз! Бұл диетаның бауырды тазалауға, асқазанды демалтуға, қандағы қант мөлшерін реттеуге тигізетін әсері мол.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста