Сұрақ-Жауап. Кеңес

Google-дан өзің жайлы мәліметтерді қалай өшіруге болады?

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

«Google қызметін пайдалану арқылы бізге жеке мәліметтеріңізді сеніп тапсыра аласыз», – деп бастайды сөзінің басын компанияның пайдаланушылар келісімінің бөлімі. Яғни, технологиялық компания тұтынушыларды не нәрсеге дайын болуы керектігін бірден ескертеді.


Дегенмен көпшілік желідегі мәліметтерді өшіруге болатынын біле бермейді. Google «Менің әрекеттерім» («Мои действия») қызметі арқылы ақпараттарды өшіру мүмкіндігін қарастырған. Google тұтынушысының іздеген әрбір материалын, тіпті әрбір іс-әрекетін оның аккаунтымен байланыстырып қояды.


Мәселен, Google-дің формаларын, анкеталарын толтыру, сондай-ақ, Gmail поштасымен жұмыс істеуінің нәтижесі арқылы өзі жайлы мәлімет тарап отырады. Міне, осыған ұқсас ақпараттардың бәрі «Менің әрекеттерім» бөлімінде сақтаулы тұр. Осы бөлімге кіру арқылы сақтаулы тұрған нақты парақшаларды, өнімдерді, мәліметтерді белгілеп алып өшіруге болады.


Сондай-ақ, барлық мәліметтерді, бір күн бойы кірген немесе белгілі бір уақыт аралығында пайдаланған сайттарды да өшіруге мүмкіндік бар. Осылардың ішіндегі ең қауіптісі – бүкіл уақыттағы өнімдер мәліметін жою. Бұл операцияны орындамас бұрын Google кейінгі болатын салдары, қиындықтары туралы ескерту жібереді. Дегенмен, іздеу жұмысындағы барлық мәліметтерді жою немесе Google қосымшалары мен өнімдерін пайдалану аккаунт жұмысына еш зиянын тигізбейді.


YouTube-тағы барлық әрекетті қалай өшіруге болады?


YouTube – Google-дің еншілес ұйымы. Ол да тұтынушының қандай видеоларды жиі көретінін бақылап отырады. Дегенмен, Google-мен салыстырғанда YouTube-тан мәліметтерді жылдам өшіруге болады. «Тарих» («История») бөліміне кіріп, «Іздеу тарихын өшіру» («Очистить историю поиска») және «Көру тарихын өшіру» («Очистить историю просмотра») опцияларын таңдау қажет. Тіпті, жекелеген іздеулерді немесе көрілген видеоларды өшіруге мүмкіндік бар.


Сондай-ақ, қызмет көрсету алаңында мәліметтерді сақтауына да тыйым салуға болады. Google тұтынушылар жайлы мәліметтерді жинап қана қоймай, оны жарнама жасаушыларға немесе серіктестеріне жібереді. Міне, осы себепті пайдаланушылар аз уақыт бұрын іздеген мәліметтері жайлы жарнамаларды жиі кездестіріп жатады. Бұдан қорқатындай еш себеп жоқ. Себебі, тұтынушы Google-дің серіктестеріне қандай ақпарат бергенін біле алады. Ол үшін Google-дағы аккаунтына кіріп «Құпиялылық» («Конфиденциальность») бөлімін таңдау қажет. Ол жерде «Жарнамалық артықшылық қызметі» («Настройка рекламных предпочтений»), ал ары қарай «Жарнама қызметі» («Настройка рекламы») бөлімдері бар. Жекешелендіру функциясын өшіргеннен кейін іздеу жүйесі сіз туралы ақпаратты жарнама таратушыларға жібере алмайды. Міне, осы жерден бәрін тоқтатуға болады.


Дегенмен, бұл әрекеттер орындалғанның өзінде жарнамадан толық құтылу мүмкін емес. Google ылғи да жекешелендірілген жарнамалар тұтынушылардың қызығушылығына байланысты жұмыс істейтінін ескертіп келеді.


Орналасқан жеріңіз туралы ақпаратты қалай өшіруге болады?


Google-ға тиесілі Android операциялық жүйесінде сіз жүрген жерлер сақталып тұрады. Алдымен геолокациялық қадағалау қызметін өшіруге болады. Қозғалыс тарихын толығымен, жеке-жеке немесе жекелеген күндер мен белгілі бір уақыт аралығын таңдап өшіруге де мүмкіндік бар.


«Егемен Қазақстан»




Көрілген: 796    Пікірлер: 0

жұма, 22.12.2017, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Маусым, 10:51
    Адамның 7 тазалығы
    26 Маусым, 11:43
    Түс жору
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31