Сұрақ-Жауап. Кеңес

Адамды ерте қартайтатын азық-түліктер белгілі болды

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Кейбір азық-түліктердің организмдегі теріні қалпына келтіріп, жаңартып отыратын процестерді бұзатыны анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі medikforum.ru-ға сілтеме жасап.


Мамандар адам ағзасындағы жасушалардың жаңаруына кедергі жасап, ерте қартаюға себеп болатын азық-түліктің үш түрін атады.


Олардың айтуынша, қант және құрамында қанты бар тағамдардың барлығы ерте қартаюға әкеледі.


«Қан құрамында қанттың көп болуы терінің созылғыштығын бұзады. Бұзылған талшықтар теріден шығып, олардың орнына жаңасы шығуы керек. Сол себепті терінің қыртыстанған жерінде әжім пайда болады. Қанның құрамында қант көп кездессе инфаркт пен инсульт алу қаупі де жоғары», - дейді Елена Малышева.


Дәрігерлер терінің әжімденуіне әкелетін тағы бір тағам түрі – ет тағамдары екенін де атап өтті. Олар жартылай фабрикат, шұжық (колбаса) өнімдері. Мамандардың айтуынша, осы тағамдарда кездесетін фосфордың көп мөлшері белокпен әрекеттесіп, бүйрек пен қан тамыры жолдарын зақымдайды.


Сондай-ақ, алкоголь өнімдері ағзаға өте зиян. Тіпті, алкогольді сирек тұтынудың өзі организмнің ерте қартаюына әсер ететін көрінеді. Себебі организмге енген спирт молекулаларын залалсыздандыру үшін өте көп сұйықтық қажет. Сондықтан ағзадағы ылғалдың жетіспеушілігі терінің жаңаруын тежеп, әжімдердің пайда болуына әсер ететіні анықталған.


 


 




Көрілген: 1117    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 11.12.2017, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2017
    Ит жылынан не күтесіз?
    23 Желтоқсан 2017
    Бесік қашан пайда болған?
    15 Желтоқсан 2017
    Көлік атауларының тарихы
    6 Желтоқсан 2017
    Миллиардерден 5 кеңес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31