Әжімнен құтылғыңыз келсе...

Әжімнен құтылғыңыз келсе...

Бетке әжімнің ерте түсуі кімді болмасын ойландыратыны сөзсіз. 15-20 жас аралығында пайда болған әжімдер ерте түскен боп саналады. Ал 20 жастан асқанда әжім көздің айналасына түсе бастайды. Өкінішке орай адам жасы ұлғайған сайын әжім де тереңдей түседі әрі беттің әрін кетіреді. Әжім әртүрлі себептерден пайда болады. Ал одан қалай құтылуға болады? Ол үшін не істеу керек? Сіздермен бірге осының жауабын қарастыратын боламыз.

Әжімді кетірудің бірден бір жолы – уақытты өткізіп алмай, дер кезінде әрекет жасау. Ең алдымен әжімдерді қарапайым тұзбен кетіріп көріңіз. Ол үшін 1 шай қасық тұзды 1 стақан суға салып араластырыңыз. Дайын болғанда тұзды суға мақтаны малып, бетке және мойынға қойыңыз. Осылайша мақтаны бетте бірнеше минут ұстаңыз. Жай ғана сыртынан ұрғылап отыруыңызға болады.

Маңдайға түскен әжімді жұқа қағаз арқылы кетіруге болады. Пергамент немесе калька сынды жұқа қағазды алып, оған крем жағамыз да маңдайға жабыстырып қоямыз. Қағаздың сыртынан дәкемен орап, байлап қоюға да болады. Бұл емдік тәсілді 20 минут бойы жасап, 5 күн қайталау керек. Бірнеше апта өткеннен кейін әжімдердің жазылып, азая бастағанын байқайсыз. Алайда 35 жастан асқан әйелдер осындай әрекетті жасап көргеннен кейін міндетті түрде парафиннен ем жасау қажет. Парафин курсын жылына бірнеше рет жасасаңыз, әжімнен құтыласыз.

Маңдайдағы әжімнен арылудың тағы бір жолы - маңдай бұлшық еттеріне жаттығу жасау. Маңдайыңызды тыжырмай, қабағыңызды төмен түсіріңіз. Керісінше шекеңізді жоғары көтеріп, осылайша күн сайын жаттығу жасап тұрыңыз. Жаттығудың әсері жақсы болу үшін, шекені, қабағыңызды қимылдатқанда әжімдерді қолмен ұстап тұру қажет.

Беттегі әжімді кетірудің бірден-бір жолы – өз-өзіне массаж жасау. Ол үшін саусақтың ұшымен бетке жай ғана массаж жасаса болғаны. Бұл жаттығу бет терісін қатайтып, қанайналымды жақсартады.

Әжімді кетірудің тағы бір жолы – әжімге қарсы маскалар.

1. Жұмыртқаның сарыуызы мен май қосылған маска. Ең алдымен майсана немесе камфора майынан жарты шай қасық алып, жұмыртқаның сары уызымен араластыру керек. Дайын болған қоспаны бетке жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуасыз. Бұл маска енді ғана түсіп келе жатқан әжімдерді кетіруде жақсы көмектеседі.

2. Ашытқы маскасы. Қаймақ пен 25 гр ашытқыға су қосып, бірнеше сағатқа қою қажет. Белгілі уақыт өткеннен кейін қаймақ пен ашытқы қосылған масканы бетіңізге жағасыз. 20 минуттан соң жылы сумен жуып тастайсыз.

3. Бал қосылған маска. Жұмыртқаның сарыуызы мен 1 шай қасық бал және 1 шай қасық глицеринді араластырып маска жасаңыз. Артынан жылы сумен бетті шайып тастайсыз. Бұл масканың әжімді кетіруде пайдасы мол.

4. Лимон маскасы. Жұмыртқаның сары уызын алып көпіргенше қозғаңыз. Оның үстіне лимон шырынын және бір шымшым тұз қосыңыз. барлығын жақсылап араластырып бетке жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен бетті жуып, нәтижесіне көз жеткізіңіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста