Ажырасқанда бала кіммен қалады?

Ажырасқанда бала кіммен қалады?

 Сұрақ: «Мен әйелімен ажырасқанмын. Екі жақтың келісімі бойынша, екі ұлым аналарымен тұрады.

Қазір үлкен ұлым 13 жасқа толды және жиі менімен тұрғысы келтінін айтады. Қай жастан бастап бала кіммен тұрғысы келетінін шешуге құқылы? Ол үшін соттың шешімі қажет пе?»

Рысбек ЕРБЕКҰЛЫ.

Жауап: Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 62-бабына сәйкес, бала отбасында өз мүдделерін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік ісін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пікірі міндетті түрде ескерілуге тиіс. Бұнда ата-ананың қайсысымен тұру туралы пікірі де жатады.

Негізі, жоғарыда аталған кодекстң 73-бабының 2-3-тармақтарына сәйкес, ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жері мен заңды мекен-жайы ата-аналарының келісімімен белгіленеді. Ал келісім болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешеді.

Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері (қарындастары) мен апа-сіңлілеріне үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшін жағдайлар жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрін, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескереді.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста