Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ақшаны көбейтудің ерекше тәсілі

  • Ақшаны көбейтудің ерекше тәсілі

    Ақшаны көбейтудің ерекше тәсілі

Ең алдымен өзіңе қажетті қаржыны анықтап алып, таңертең ұйқыдан оянысымен бар ынта-ықыласыңмен, көзіңді қайта жұмып алған қалпыңызда «Мен әуелі соншама, сосын одан да көп ақшаны иеленгім келеді» деп дауыстап айтыңыз. Егерде бірнеше жылдан соң туған кү­ніңізге дейін белгілі бір мөлшерде қа­ражат жинап, өз бизнесіңізді жүр­гізгіңіз келсе: «Өзімнің … жылғы туған күніме дейін менің қолымда соншама қаржы болуға тиіс. Сол ақшаны жиып алған соң өз бизнесімді шебер ұйымдастыратын боламын» дегендей сөздерді айтып, соған талаптану қажет. Осы сөздерден кейін әрбір адам осыншама ақшамен не істейтінін, оны табу үшін қандай іс-қимыл жасайтынын айтып, «Қазірдің өзінде сол ақшаны қиялымда көріп, ұстайтындай болып тұрмын» деуге тиіс. 


Осы бағдарламаны таңертең және кешке екі рет қайталап, қолыңызға қажетті қаржы түскенше тоқтатпағаныңыз жөн. 


Өз қалауыңызды жүзеге асыру үшін оның нақты жоспарын жасап, дереу іске кірісіңіз. Ең маңыздысы – ішкі мүмкіндік. Іштей әрекет дұрыс болса, сыртқы жағдай да қолайлы бола түседі. 


Ақша табуға кедергі келтіретін жағдай – тәкаппарлық. «Мен кедей­мін, өйткені ақшаның соңына түсуге адамгершілігім жібермейді» дейтіндер бар. Бұл орайда адал жолмен, еселі еңбекпен табыс табуды алдау, арбау, бопсалаумен шатастырмау қажет. Негізінен ақшаны пайдалы жаратудың бірінші принципі – тәкаппарлықты азайту. Себебі кез-келген адам бір жерде біреудің қарамағында жұмыс істейді, соның идеясын жүзеге асырады. Тәкаппарлық біреуге, одан қабілеттірек, таланттырақ адамға жұмыс істеуге кедер­гісін келтіреді. 


Ақшаны қуана жұмсау қажет. Ақшаны жақсы сезіммен жұмсағаныңыз жөн. Сіздің сатып алғаныңыз үлкен, өте әдемі зат болған са­йын көңіл-күйіңіз де жоғары көтері­луге тиіс. Қуана жүріп жұмсаған са­йын ақшаны өзіңізге тартудың кармалық механизмі іске қосылады. Ақша – карманың төртінші деңгейі. Оны естен шығармаңыз. Егерде өз ақшаңызды жұмсау ешқашан қуандырмайтын болса, мінез-құлқыңызға қайта қарап, оны жақсы жағына қарай өзгертуге тырысыңыз.


www.zamana.kz




Көрілген: 3176    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.02.2018, 14:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30