Әлемді басқарып, бақылауда ұстайтындар кімдер? (фото)

Әлемді басқарып, бақылауда ұстайтындар кімдер? (фото)

Әлемдік БАҚ беттерінде әлемді басқарып, бақылауда ұстайтын бірнеше отбасылардың тізімі жарияланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы дүние жүзінің қаржысы бірнеше ауқатты отбасының бақылауында екендігін жұртшылықтың бірі білсе, бірі білмес. Кейбір отбасылар ақшаны оңды-солды шашып, қалағанына қол жеткізетін болса, кейбіреулері жәй ғана тыныш өмір сүруді қалайды. Аталмыш отбасыларды байланыстыратын ортақ нәрсе – олардың әлеуметтік мәртебесі мен қоғамда құпияға толы өмірлері. Кейбір деректерде, "бұл отбасылар әлемдегі барша ел президенттерін бақылауда ұстайды" делінген. Олар кімдер?

Рокфеллер

Ⓒqamshy.kz

Рокфеллер отбасының қаражатына байланысты түрлі қауесет тараған. Ешбір адам оның нақты санын білмейді, түрлі деректердің мәліметіне сүйенсек, шамамен, 1-ден 3 триллион долларға дейін. Олар бірінші миллионер Джон Рокфеллердің арқасында таныла бастаған. 19 -шы ғасырдың соңына қарай бұл отбасы АҚШ-тың 90 пайыз мұнайын өз бақылауында ұстады. Американың мұнай компанияларының көпшілігі Рокфеллерлермен бастаған. Екінші дүниежүзілік соғыс бұл отбасының әлеуметтік жағдайын одан сайын жақсарта түсті. Олар немістерге де, сонымен қатар, өздерінің одақтастарына да көмек көрсеткен. Бүгінде Рокфеллер отбасы банк пен мұнайдан бөлек, қайырымдылықпен айналысып, криптовалюта арқылы ақша тауып отыр.

Морган

Ⓒextremal.mirtesen.ru

Түрлі саяси теорияда "Моргандар АҚШ-тың саяси курсын анықтап, әлемдегі барлық банктерді өз бақылауында ұстайды" делінген. Бұл отбасыдағы бірінші адам – Джон Пьерпонт Морган АҚШ-тың қаржы империясының негізін қалаған. Ол азамат соғысы кезінде қару-жарақ сатумен айналысып, ақырында сол үшін жауапқа тартылған. Кейін 1907 жылы банк жүйесінің құлдырауын тоқтатты.

Саудит

Ⓒextremal.mirtesen.ru

Саудиттер – 1932 жылдан бері Сауд Арабиясын басқарып келе жатқан патша әулеті. Отбасының отағасы – король Салман бин Абдулазиз әл Сауд, ал бұл әулеттің мүшелерінің жалпы саны 25 000 адамды құрайды. Салман бин Абдул Азиз абсолютті саяси билікке ие, ал отбасы мүшелерінің маңызды үкіметтік және әскери лауазымдары бар. Саудиттер отбасының кез келген мүшесі сол елде өздері қалаған жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ олар әлемдегі мұнай қорының 20 пайызын өз бақылауында ұстайды.

Ротшильд

Ⓒextremal.mirtesen.ru

Ротшильдтер Наполеон кезінде ең ықпалды әрі ауқатты отбасылардың бірі болған. Әулетті Майер Амшель Ротшильд бастаған. Ол Германияда өзінің ірі банк бизнесін құрап, жеке қаржы империясының негізін салған екен. Өлер алдында өз мұрагерлеріне өсиет қалдырып, империяны қалай басқаруға болатыны жайында көзқарасын айтып кеткен. Ал Ротшильдтер бұл ережені 200 жылдан бері ұстанып келеді Бұл отбасы жайында әр түрлі қауесеттер көп. Кейбір деректерде "Родшильдтер дүние жүзінің қаржысын және қаржылық мекемелерді бақылауда ұстайды" делінген. Ал тағы бір деректерде "олардың көптеген соғысқа демеуші болғаны" айтылады.

Барух

Ⓒextremal.mirtesen.ru

Барухтардың қаражаты Ротшильдтер мен Рокфеллерге қарағанда аз, дегенмен олар өте ықпалды отбасы болып табылады. Бернард Барух – осы әулеттің негізін салған адам, ол АҚШ-тың бес президентінің кеңесшісі және Уинстон Черчильдің жақын досы болған. Бернард Барух «қырғи қабақ соғыс» терминін ойлап тауып, сонымен қатар, атом бомбасының жасап шығарылуын өз бақылауында ұстаған. Кейбіреулер оны "әлемдік биліктің негізін салған адам" деп таниды.

 

Уолтон

Ⓒextremal.mirtesen.ru

1962 жылы Сэм Уолтон алғаш рет Walmart дүкенін ашқан. Сол арқылы ол әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосылды. Уақыт өте келе Walmart дүкені АҚШ-та ең беделді әрі ірі дүкендер желісіне айналды.

Виндзор

Ⓒextremal.mirtesen.ru

Виндзорлар – Ұлыбританияның патша әулеті. Қазіргі таңда бұл отбасының басшысы Елазивета ІІ патшайымы болып отыр. Ол Шіркеудің басшысы және Ұлыбритания қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады.

Мердок

Ⓒextremal.mirtesen.ru

Мердок әулеті өз патшалығын Австралияда құрғаны белгілі. Кит Мердок Мельбрундағы газеттердің бірінде саяси журналист болып жұмыс істеген. Кейіннен ол газеттің редакторы қызметіне тағайындалып, басылымның сатылымын екі есеге ұлғайтып, уақыт өте келе бас директор атанған. Оның ұлы Руперт те - журналист. Австралияның бұқаралық ақпарат құралдарын өз бақылауына алған олар кейін News Corporation корпорациясының негізін салды. Бүгінде Мердок 20th Century Fox, Fox News, Myspace және Dow Jones компанияларын басқарады.

Оппенгеймер

Ⓒextremal.mirtesen.ru

Оппенгеймерлер әлемдегі алтын қорының көп бөлігіне иелік етеді. Әулеттегі бірінші адам Эрнест Оппенгеймер Оңтүстік Африка, Кимберлиге барып, қаланың мэрі болған, кейіннен алмаз компанияларының бірінің басшысы атанған екен. Уақыт өте келе ол ғаламдық алмаз нарығын жекешелендіріп алған.

Прицкер

Ⓒextremal.mirtesen.ru

Прицкерлер 1881 жылы Киевтен Чикагоға көшіп келген еврейлік оралмандар отбасы болып саналады. Олар курорттар мен қонақ үйлерді сататын Hayat корпорациясына иелік етеді. Аталмыш компанияның 54 елде 777 қонақ үйі бар. Прицкерлердің өзіндік архитектуралық марапаты бар және қазіргі таңда олар Чикагода тұрады. Сол жерде өздерінің сәулет мектебін де ашқан. Бұл отбасы қалалардың қандай келбетке ие болатынын анықтайды.

«Қамшы» сілтейді

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста