Сұрақ-Жауап. Кеңес

Алматыда қыс мезгілінде қай жерлерден шанамен сырғанауға болады?

  • Алматыда қыс мезгілінде қай жерлерден шанамен сырғанауға болады?

    Алматыда қыс мезгілінде қай жерлерден шанамен сырғанауға болады?

Қыстың қақаған аязына қарамай шаңғы теуіп, сноубордпен сырғанап қайтатын мүмкіндік туды. Себебі, біз алып шаһарда орналасқан демалыс орындарының тізімін жасап шықтық. Мұнда балалар қардан аққала жасаса, үлкендер табиғаттың таңғажайып көрінісін тамашалап, таза ауамен тыныстап қайтуына болады.


«Жазық төбе» (Лысая гора) сырғанау орны Қаскелеңде орналасқан. Аталмыш орын Сайн және Жандосов көшесі мен Қаскелең трассасына дейін 12 км қашықтықты құрайды.


«Үлкен Алматы шатқалы» әл-Фараби даңғылына дейін шамамен 10 км қашықтықта орналаса, «Үш аю» (Трёх медведей) 12 км қашықтықта орын тепкен.


Сондай-ақ, тағы бір сырғанайтын тау жотасы Талғар жолының бойында, Тұздыбастау ауылында орналасқан.


Сонымен қатар, Алматы әуежайы маңындағы көлге барып сырғанап қайтуға болады. MEGA Park сауда ойын-сауық орталығының маңында демалып, шанамен сырғанайтын орындар бар.


Алматы бойынша ең әдемі тау шатқалдары Алматы облысында орналасқан. Олардың бірі «Табаған» тау-шаңғы курорты. Бұл жерге отбасыңызбен барып тыныстап қайтуға болады. Аталған орын Алматыдан 17 км қашықтықта орналасқан.


Қыс мезгілінде таза ауамен тыныстап, қайтатын тағы бір демалыс орны «Орман ертегісі» (Лесная сказка) деп аталады. «Орман ертегісі» Талғар ауданы Бесқайнар аулының маңында орналасқан. Төмен жағында Ой-Қарағай шатқалы бар. Келем деушілерге «Орман ертегісінің» сағат 10.00-нан кешкі 21.00-дейін есігі айқара ашық.


"АҚ - БҰЛАҚ" биiк таулы шаңғы курорты адамды өзіне ерекше табиғатымен тамсандырады. Мұнда қыс мезгілінеде таза ауамен тыныстап, шаңғы теуіп, сноубордпен сырғанап қайтуына мүмкіндік бар. Аталмыш орын Алматы облысы Талғар ауданы Рысқұлов ауылында орналасқан.


Демалыстарыңыз сәтті өтсін!


almaty.tv




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

сенбі, 06.01.2018, 19:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31