Сұрақ-Жауап. Кеңес

«Алтын қорда» алтын дауыстар сақтаулы

Қазақ радиосы қашан құрылған және оның «Алтын қорында» қандай дүниелер сақталған?

Ермек СӘРСЕНОВ,
Талдықорған қаласы

Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесi 1921 жылдың 29 қыркүйегiнде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнiнде шешiм қабылдаған. Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкiл Республикаға радиотрансляция берiле бастады.

Қазақ сөзi эфирден 1927 жылдың 23 наурызында бiрiншi рет естiлдi. Бүгiнде хабарларын тәулiк бойы тарататын Қазақ радиосы елiмiздегi ең iрi жүйе болып табылады. Қазақ радиосынан мемлекеттiк тiлдегi хабарларға қосымша орыс, немiс, корей, ұйғыр, әзiрбайжан, түрiк және татар тiлдерiндегi бағдарламалар да әуе толқынына шығады.

Ал радионың «Алтын қорында» 100 мыңнан астам әртүрлi жанрдағы хабарлар сақталуда.

Онда қазақ әдебиетiнiң, музыкасының, халық ауыз әдебиетiнiң ең үздiк үлгiлерi жинақталған. Сонымен қатар көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерлерiнiң дауыстары жазылып алынған үнтаспалар бар. Қазiргi уақытта «Алтын қордағы» осы үнтаспаларды сандық жүйеге ауыстыру жұмыстары жүргiзiлуде. Бүгiнде 11 500-дей әндер мен күйлер, термешiлер мен жыраулардың дауыстары осы жүйеге жазылды.




Көрілген: 1013    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 01.06.2011, 16:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Маусым, 16:31
    Біз қандай ата-анамыз?
    30 Мамыр, 09:43
    Терлей бересіз бе?
    24 Мамыр, 10:30
    Пістенің пайдасы
    9 Мамыр, 13:34
    Сүйісудің 5 пайдасы
    6 Мамыр, 15:36
    Сүйісудің 5 пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30