Арланынан айырылған қасқыр қайтеді?

Арланынан айырылған қасқыр қайтеді?

Ел ішінде қасқыр жайында айтылатын қызықты әңгімелер, аңыздар көп. Оның ерекшеліктері туралы естіген сайын таңқаласыз. Әлеуметтік желінің Салтанат Естаева есімді қолданушысы да бұл аңның бір ерекшелігі жөнінде естіп, таңқалыпты, сосын жұртшылық ортасына мынадай сауал тастапты: 

«Ұрғашы қасқыр өлсе, арланы оған адалдығын өмірінің соңына дейін сақтайды. Ал арланы өлсе, ұрғашысы басқасымен кетеді екен. Неге? Осыны естіп, таңқалдым». 

С.Естаеваның сұрағына қатысты бірнеше ондаған адам өз пікірлерін білдіріпті. Олар былай дейді: 

Абзал: Себебі ол ұрғашы ғой. 

Дархан Жан: Қасқырдың қаншығы тұқымын көбейту үшін солай жасайды. Арланы болса, өлген қаншығын аңсайды. Серті солай.

Абат Дүйсенбаев: Себебі қасқыр үйірін ұрғашысы, аналығы басқарады. 

Ерлан Алешов: Адамдардағы әйелі мен күйеуі сияқты ғой. Еркек – адал, бәріне шыдайды. Әйел жетісін, қырқын беруі керек. Өлген адам өлді, балаларды асырау керек деп әрекетін бастайды. 

Нұрбол Түгелбаев: Аң ғой енді. Өздерінің заңы бар шығар да. 

Нұрлан Жатқанбаев: Екеуі де «измена» жасайды. 

Нұр Қали: Бәрі бос сөз. Тек қасқыр адал дегісі келген болар. 

Жиен Сапаров: Бірінші рет естіп тұрмын. 

Қанат Абат: Әйелдер байы өлгеннен кейін байға шығып кетеді ғой. Еркек уайым-қайғыны іште сақтап өледі. Әйелдер байы жоғын ұмытам деп байға шығып кетеді. «Әйел – дұшпан» деп бекер айтпаған атам қазақ. 

Асеке: Сол қасқырдың жанында камера ұстап жүрді дейсің бе? Жай, аңыз ғой. Қасқырдың арланы итпен жұптасқанын көрдік. Бір жартыбас атып тастады. Күшігін аламыз ғой деп жүргенбіз. Бұған не дейсіз? 

Доси: Далбаса. 

От Ағасы: Тек ұрғашы қасқырдан сұрау керек болды ғой.

Тілеубек Манат: Жеңілтек боп тұр ғой онда. 

Бақыт Досыбеков: Әйелге сенім жоқ деген мысал ғой бұл. 

Нұреке Уәлиханов: Бәленің бәрі ұрғашыда болып тұр ғой онда. 

Марат Жакин: Өтірік әңгіме ол. Тірілер тіршілігін істеп кетеді ғой табиғат заңымен. 

...Қысқасы жоғарыда аталған сұраққа осындай қызық жауаптар беріліпті. Ал сіз қалай ойлайсыз? Қасқырдың ерекшеліктері туралы білетін қызықты әңгімелеріңіз болса, оны жұртпен бөліскен артықтық етпес. 

Р. ҚАЛТАЙ.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста