Армандаудың 8 пайдасы

Армандаудың 8 пайдасы


Өмірімізде армансыз адам кездестірмеген болармыз. Өйткені ондай адам болуы мүмкін емес тәрізді. Кез келгеніміз белгілі бір арманмен, мақсатпен өмір сүреміз.

Арман – энергияға толы. Біз ол күш-қуатты сезінген сайын, қолданған сайын болашағымыз айқындала түседі. Армандау – біз үшін, өміріміз үшін пайдалы болуы да, керісінше адастырып жіберуі де ықтимал. Сондықтан онымен мұқият қарым-қатынас жасаған дұрыс. Армандау бізге қандай пайда әкеледі? Алдымен соны анықтайық.

*Армандаудан мақсат дүниеге келеді.

Ойлаған нәрсемізді жүзеге асыруға белсене кірісіп, құлшына жасайтын болсақ, бізде автоматты түрде мақсат пайда болады. Мақсат – табысқа жетудің басты кілті. Арман мақсатқа айналмай, арман күйінде қалса, ешқандай нәтиже шықпайды.

*Күш-қуат сыйлайды.

Адам армандай бастағанда оның бойында алға жылжуына қажетті энергия туындайды. Соның арқасында талпынады, кедергімен күреседі. Тіпті сол энергияның ықпалымен миымыз табысқа жетудің, қиындықтан шығудың бірнеше нұсқасын ойлап таба алады.

*Шығармашылықты дамытады.

Армандау процесі адамның шығармашылық қырын ашады. Сосын ол бірте-бірте креативті тұлғаға айналады. Ми қосымша нейрондық байланыстармен толығады.

*Қозғалысқа себепкер болады.

Иә, армандау адамның әрлі-берлі жүгіруіне, керуеттен көтерілуіне септігін тигізеді. Ал армандамаса, оны атқаруға қызығушылығы да, құлшынысы да болмайды. Егер ештеңе қаламаса, бірнәрсе істеудің қандай қажеті бар? Міне, сондықтан да арман жалқаулықты жоюға, тұлғаның дамуына мол үлес қосады.

*Қиын сәтте көмектеседі.

Арман жүректі жылытады. Қандай қиындыққа кездессеңіз де ол сізді қолдап, күш беріп тұрады.

*Арман шабыттандырады.

Әдетте шабыт қалаған уақытыңызда келе қоймайды. Ал жүрегіңізде арманыңыз болса, сіз үнемі шабыттанып жүресіз. Бойыңызға сергектік, жеңілдік сыйлайды. Сондықтан армандау өте пайдалы! Өзіңізге, денсаулығыңызға ғана емес, жұмысыңызға да сәттілік әкеледі.

*Ісіңізге ғашық етеді.

Армандап қана қойып, мақсатыңа жету мүмкін емес. Армандау жақсы нәтижеге ғана емес, сол жолдағы атқарған ісіңе деген көзқарасыңды да түбейгейлі жақсарта алады. Күнделікті ісіңе деген махаббатыңа себепкер болады.

*Армандар орындалады!

Міне, нағыз армандаудың себебі. Мейлі, сіздің барлық арманыңыз шындыққа айналмай-ақ қойсын, бірақ орындалғандарының өзі сізге қанат бітіреді. Ол өмірді өзгертеді.

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста