Алаш баласы, айнаңа қара!

жұма, 24.03.2017



Сұрақ-Жауап. Кеңес

Арнасы бөлек болғанымен, мақсаты бір

Қазақ радиосының аты аталғанда, «Шалқар» радиосы туралы да айтылып жатады. Бұл екі радиоарнаның бір-бірімен қандай байланысы бар?

Ғалым ҚАМБАРБЕКҰЛЫ,
Тараз қаласы


Қазақ радиосын іске қосу – Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарлар таратуды құру жөнінде қабылданған шешім негізінде жүзеге асқан. Оның алғашқы эфирі – Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласында1921 жылдың қазан айынан басталып, Қазақ радиосының үні бүкіл республика аумағына тарала бастады.1970 жылдары бұған қосымша «Шалқар» радиосы ашылып, оны Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз- стан, Ауғанстан және тағы басқа шетелдерде тұратын қандастарымыз да тыңдай алатын болған. Тоқсаныншы жылдардың соңындағы қаржылық қиындықтарға байланысты «Шалқар» радиосы кезінде үш жылдай уақыт жабылып қалып, 2002 жылдың 16 қаңтарыннан бастап Қазақ радиосының құрамдас бөлігі ретінде қайта ашылды. Бірақ эфир ауқымы бұрынғы кең аясын жоғалтып алды.


Аталған екі радионың да арнасы бөлек болғанымен, мақсаты бір. Қазіргі уақытта Қазақ радиосы – посткеңестік кеңістіктегі ең ірі, 90 жылға жуық тарихы бар радиоарна. Тәулік бойы 24 сағат үздіксіз хабар тарататын осынау төл радиомызды республика тұрғындарының 90 пайыздан астамы тыңдау мүмкіндігіне ие. Радиода қазақ тілінен басқа, орыс, неміс, корей, ұйғыр, әзірбайжан, түрік және татар тілдеріндегі бағдарламалар да эфирге шығып тұрады. Бүгінде Қазақ радиосының хабарларын он-лайн режимінде тыңдауға мүмкіндік бар. Ал Қазақ радиосының қосалқы бағдарламасы саналатын «Шалқар» ұлттық арнасын он-лайн режимінде тыңдау – алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе.




Көрілген: 1229    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 28.06.2010, 09:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 13:20
    Наурызша деген не?
    15 Наурыз, 17:46
    Менталитет деген не?
    17 Ақпан, 18:53
    Ант бұзудың жазасы
    12 Ақпан, 21:19
    Дәулет кімге қонады?
    7 Ақпан, 17:20
    Еврейлер неге епті?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31