Сұрақ-Жауап. Кеңес

Аш қарынға қандай тамақ жеуге болмайды?

  • © mymarcy.kz

    © mymarcy.kz

Көпшілігіміз таңғы асқа йогурт, кофе немесе апельсин шырынын ішкенді дұрыс деп ойлаймыз. Дегенмен біз күнделікті қолданып жүрген тағамдардың кейбіреуін аш қарынға қабылдауға болмайтынын білесіз бе? Бұл туралы NUR.KZ порталынан оқи аласыздар.


Тез дайындалатын таңғы астар – жүгері ботқасы


Дәл осы заттарды таптырмас таңғы ас ретінде көп жарнамалайтын болғанымен, табиғи тағамға не жетсін. Жүгері ботқасы көмірсуға бай болғанымен, ағзадағы қант деңгейін бірден көтереді. Нәтижесінде аздаған уақыттан соң қарныңыз қайтадан ашатын болады.


Кофе


Таңертеңгілік кофе – жаман әдет. Аш қарынға ішілген кофе асқазанда гастрит пайда болуына әкеліп соқтырады.


Дәмдеуіштер


Ащы дәмдеуіштер мен тұзды қоспалар асқазанға кофе сияқты әсер етеді. Олар бос қарыннан сұйықтық өндіріп шығарады, нәтижесінде асқазан-ішек ауруларына жол беруіңіз мүмкін.


Құрамында қанты бар тағамдар


Таңертеңгілік тәтті тағамдар көңіл күйде көтереді деп ойламаңыз. Керісінше, олар ең керемет күні жабырқауыңызға себеп болады. Аш қарынға түскен қант ұйқы безін қоздырады, нәтижесінде адам ағзасындағы қант мөлшері түсіп, көңіл күйдің нашарлауына әкеледі.


Салқын немесе газды сусындар


Салқын әрі газды сусындар ішек шырышының қабынуына апарады, қан айналымын бұзып, ас қорытуды нашарлатады. Сондықтан таңертең қатты шөлдеп оянсаңыз қайнаған су ішіңіз.


Йогурт немесе сүт қышқылды тағамдар


Йогурт – таңғы асты дайындауға ерінетін жалқаулар мен мүлде уақыты жоқтардың сүйікті асы. Бірақ оның адам ағзасына пайдасы да, зияны да жоқ. Аш қарынға түскен йогурт калорий жинауға ғана көмектеседі. 


 




Көрілген: 993    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.08.2018, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан, 00:07
    Ақ түстің энергиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31