Сұрақ-Жауап. Кеңес

Автокөлікке ағаш құлап кеткен жағдайда өтемақыны қалай алуға болады?

  • ©Tengrinews.kz

    ©Tengrinews.kz

Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы автокөлікке ағаш құлап кеткен жағдайда келген залалдың өтемақысын қалай алуға болатынын айтып берді.


11 тамызда Құрманғазы мен Қонаев көшелерінің қиылысында өтіп бара жатқан автокөлікке үлкен ағаш құлап кеткен болатын. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Ал маусым айында Құлжа тасжолында келе жатқан көлікке құлаған ағаштан жүргізуші мен жолаушы қаза тапқан.



Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында ағаш көлік үстіне құлаған жағдайда келген залал үшін өтемақы алу-алмау сот шешімі арқылы белігілі болатынын айтады.


"Бірден сотта кім жеңетінін айту қиын. Себебі сот отырысында сараптама жүргізіледі. Мүмкін сіз көлігіңізді рұқсат етілмеген жерге қойған шығарсыз. Егер желдің қатты соғуынан болса Қазгидрометпен байланысқа шығады. Сараптама жүргізіледі", - дейді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Жаныспаев.


Басқарма өкілдерінің айтуынша, ағаштың қаншалықты қауіпсіз тұрғанына аудан әкімдіктегілер жауап береді. Бірінші олар Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан ағашты сүрлеуге керек құжаттарды көрсету арқылы рұқсат алып бірақ ағашты кесуі мүмкін.


"Пәтер иелері кооперативі (ПИК) немесе пәтер тұрғындарының өздері электрондық нұсқада Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш беруі керек. Ал біздің мамандар барып тексеріс жүргізеді. Ағашты кескен жағдайда орнына бір ағашпен өтеп отыруы тиіс. Ал құлап бара жатқан ағаштарды төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері арқылы алу керек. Олар 72 сағатта сіздерге ағашты кесу туралы хабарлама жібереді", - дейді маман.



Өткен демалыс күндері Тимирязев көшесі мен Гагарин даңғылының қиылысында BRT жедел автобус бағытын енгізу аясында үлкен ағашты кескен. "БРТ-ға рұқсатымыз бар, оны жылдың басында берген. Сонымен қатар, бір кесілген ағаштың орнына үш ағашты отырғызу талабы бар", - дейді шенеунік.


Сонымен қатар, басқармадағылар қазір жаңа ереже дайындалып жатқанын айтты. Егер Алматы мәслихаты мақұлдаса бір кесілген ағаштың орнына 50 жаңа ағаш отырғызу жобасы қала ішінде енгізіледі екен.


"2016 жылы Наурызбай және Алатау аудандарында ағаштардың қаншалықты қауіпсіз орналасқанына тексеріс жүргізілген. Қазір Алматының 6 ауданында қайта тексеріс жүргізіп жатырмыз. Ол жұмыстарды 30 қарашаға таман бітіреміз деп жоспарлап отырмыз", - дейді ол.


Басқарма өкілдерінің айтуынша, мұндай ағаштардың қауіпсіздігін тексеру іс-шарасы тек Алматыда өткізіледі, мұндай шара тіпті Англияда жүргізілмейді екен.


"Шетелдіктер қаламыздың табиғатына таңғалады. Еуропа бойынша, Бельгияны санамасақ, біздің қала жалғыз таза, жасыл қала екен", - дейді шенеунік.


Сондай-ақ, басқармасындағылар қандай ағаштарға жауапты емес екенін атап айтты. Арнайы саябақтарда орналасқан ағашқа жеке мүлік иесінің өзі жауапты. Сонымен қатар, шағын аудандарда, үйдің алдында орналасқан ағаштарға үйдің тұрғындары немесе ПИК жауапты екен.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 761    Пікірлер: 0

жұма, 24.08.2018, 15:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31