Аяғы ауыр әйелді жұмыстан шығуға мәжбүрлеуге бола ма?

Аяғы ауыр әйелді жұмыстан шығуға мәжбүрлеуге бола ма?

- Мен шетел компаниясына бухгалтер лауазымына орналастым. Сынақ мерзімі ішінде менің аяғым ауыр болды. Бастығым бұны біліп, маған жұмыстан шығу туралы түрлі ескертпелер жасады. Сынақ мерзімін өткеннен кейін УЗИ баламның өлі екенін көрсетті. Мен бұған бастығым кінәлі деп есептеймін, себебі оның  әрекеттері мен маған арналған репликалары моральдық қиын жағдайға әкелді. Ал қазір түсіктен кейін денсаулығым күрт нашарлап, қатты ауыра бастадым. Мен бұл ұйымда жұмыс істей отырып, оның бастығыма қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз жаза аламын ба?

Алмажан, Атырау облысы

Сіз айтқан жағдайды қарастыра келе, бала түсігінің, сіздің ауруыңыз бен жұмыс беруші әрекеттері арасында себеп-салдары бар байланысты анықтау қиын. Алайда, аяғы ауыр әйелді жұмыстан шығуға мәжбүрлеу еңбек заңнамасын бұзу деп саналады, себебі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 185 бабының 1 тармағына сәйкес, жұмыс беруші өз тарапынан аяғы ауыр қызметкермен еңбек шартын бұзуға құқығы жоқ. Сондай-ақ, өз еркімен жұмыстан шығу туралы арызды қысым көрсету арқылы жазу заңсыз деп саналады. Алайда, бұл жағдай дәлелдемелермен бекітілуі тиіс, мәселен, куәгердің көрсетпелері, жұмыс беруші мен сіздің араларыңыздағы әңгіменің аудио не видео жазылымы қажет.
Жоғарыда көрсетілген еңбек заңнамасының бұзушылығы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқпайды, себебі Қазақстан Республикасының 148 бабының 2 тармағына сәйкес, қылмыстық жауапкершілік әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмағанмен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату кезінде пайда болады. Бұл жағдайда еңбек шарты бұзылған жоқ. Егер де жұмыс беруші әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабының 4 тармағына сәйкес, қылмысқа дайындалу ретінде қарастырсақ, жұмыс берушіге ешқандай жауапкершілік жүктелуі мүмкін емес, себебі Қылмыстық кодекстің 148 бабымен көзделген қылмыс жеңіл қылмыстардың қатарына жатады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 24 бабының 4 тармағына сәйкес, қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшiн ғана басталады.
Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікпен қатар, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87 бабының 1 тармағымен көзделген әкімшілік жауапкершілікке де тартылады.  
Одан басқа, Қазақстан Республикасының Конституциясының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 6 бабының 1 және 2 тармағына сәйкес, әркім еңбек саласындағы құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктер алады делінген. Ешкiмдi шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге қатысына, сенiмiне, тұрған жерiне немесе кез келген өзге де жағдайларға байланысты қандай да бір кемсiтуге ұшыратуға болмайды. № 111 Еңбек және кәсіп туралы  Халықаралық Еңбек Ұйымының  Конвенциясына сәйкес, (Женева, 25 маусым 1958 жыл, 20 шілде 1999 жыл №444-1 ҚР Заңымен бекітілген) кемсітушілік Адам құқықтарының жалпы декларациясында баяндалған құқықтардың бұзылуы болып табылады.  
Жұмыс берушіні еңбек заңнамасын бұзғаны үшін, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сіздің облысыңыздағы Еңбек және әлеуметтік қорғау Департаментіне аяғы ауыр қызметкердің құқықтарын бұзған жұмыс берушінің әрекеттері толық әрі нақты көрсетілген арызбен жүгінуге тиістісіз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің  6 бабының 3 тармағына сәйкес, сіз өзіңіздің қалауыңызша тұрғылықты жері бойынша  сотқа, прокуратураға немесе Еңбек және әлеуметтік қорғау туралы Департаментіне Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 7 бабы мен  Қазақстан Республикасының Конституциясының 14 бабының 2 тармағында көрсетілген сізге қатысты жұмыс берушімен сіздің аяғыңыз ауырлығына байланысты кемсітушілік орын алғандығы туралы арыз жазуға құқықтарыңыз бар. Алайда ескеру қажет, бұл фактілер дәлелденуі тиіс және сіздің түсіндірмеңіз жеткіліксіз болуы мүмкін.

Адина А. заңгер
meninkyzmetim.ucoz.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста