Айдын Айымбетовтің қайын жұрты қай жақтан?

Айдын Айымбетовтің қайын жұрты қай жақтан?

Айдын Айымбетовтың өткен 2 – 12-қыркүйек аралығында ғарышқа ұшқаны, онда халықаралық ғарыш стансасында болып, бірқатар ғылыми жұмыстар жүргізіп қайтқаны белгілі. Сонымен ол қазақ ұлтынан шыққан үшінші ғарышкер мәртебесіне ие болды.

Ал оның ұшу ақысы Қазақстан үшін 20 миллион долларға түсті. Бұл қаржыны Қазақстан жағы 2016-жылға дейін төлеп бітетін болып келісілді.

...Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972-жылы Талдықорған облысының «Заря коммунизма» ауылында өмірге келген. Талдықорғандағы орта мектепті Алтын медальмен бітірген. Сосын Ресейдегі Армавир әскери авиация училищесіне оқуға түскен. Оны бітіргесін Қазақстан әскери әуе күштері қатарында қызмет етті. Әскери шені – полковник. Ол ғарышкер болуды бала кезінен армандаған. (Бұл жөнінде біз газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде жазғанбыз). Өзін ғарышкерлер қатарына қабылдауға өтінішті 21 жасында берген екен. Екінші мәрте мұндай өтінішті 2001-жылы берген. Өтініші қабылданып, арада бір-екі жыл өткенде тиісті тексерулердің бәрінен өтті, сынақтардан «өте жақсы» деген баға алды. Оған «Ғарышкер-сынақшы» деген дәреже берілді. 2008-жылдан тағы да бір үміткер Мұхтар Аймахановпен бірге ғарышқа ұшатын болып сынақтардан өтті. Бірақ Қазақстан ақысын (30 миллион доллар) төлей алмайтынын білдіргендіктен ұшу кейінге қалдырылған еді. Одан кейін Айымбетов Қазақстан Ғарыш агенттігінде қызмет істеді. Оған бала кезгі арманын іске асырудың сәті өткен қыркүйек айында түсті. Ол өзіне жүктелген мін­деттерді абыроймен атқарып қайтты.

Айдын Айымбетовтың әйелі Лилия Әлмұханбетқызы Байқоңыр қаласында туып-өскен. Бұл отбасының бір ұл, екі қыздары бар. Үлкендері Әмір 1998-жылы туылған. Ол да әкесі сияқты ғарышкер болуды армандайды. Мемлекеттік авиация орталығының Астанадағы ұшу мектебін бітірген. Әмірдің 2000-жылы туылған Диана және одан жеті жас кіші Даяна есімді қарындастары өсіп келеді.
 zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста