Сұрақ-Жауап. Кеңес

Әйелдер көзімен: еркектердің жыныстық қатынаста жіберетін қателіктері

  • © anabol.kz

    © anabol.kz

Әрине, ең алдымен намысқой ер адамдарымыздың өз сүйіктісімен жыныстық қатынас кезінде қателік жіберетініне сенбейтінін , тіпті білгісі де келмейтінін айтқанымыз дұрыс шығар ... Біз арнайы жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде ерлердің төсек қатынасында жіберетін қателіктерін жинақтап көрдік.


 


1. Аймаламай, бірден іске көшеді.


Әйелдер үшін жыныстық қатынасты бастамас бұрын аймалаудың өте маңызды екенін еркектер естен шығарып алады. Әйелдердің түсінігінше, бұл – ерінің әйелін сүйетінінің, сыйлайтынының белгісі. Егер жыныстық қатынастың уақытын созғысы келетін жігіт болса, осы аймалау сәтін ұзарту керек: 15-20 минут аймаласу, 15-20 минут жыныстық қатынастың өзі, 30-40 минуттық «майдан» дайын.


 


2. Жуынбайды.


«Аптасына бір рет жуыну жетеді» деген ереже тұрақты жұбы жоқ, жалғызбасты еркектерге жақсы. Алайда, «кездесуге» жуынбай шықса, жігіттің үстінен шыққан тердің иісі қосылудың шырқын бұзады. Бойдақ күнінен сирек жуынуды әдет қылған еркек үйленгеннен кейін жуынуды мүлде сиретуі мүмкін. «Қойш, ештеңе етпейді, ерініп тұрмын, бола салайықшы» деген сылтаулар пайда болады. Әйелдер еркектің иісінен жиіркеніп қалса, қатынасқа түсуге ынтасы қалмайды. Немесе әрең шыдайды .


 


3. Секс аяқтала салысымен кетіп қалады.


Жыныстық қатынас аяқтала сала, еркектің жуынуға не темекі шегуге, басқа жаққа кетіп қалғаны әйелдерге мүлде ұнамайды. Мұндайда әйел өзін шаруасын бітірген жігітке қажетсіз, пайдаланылған сияқты сезінеді. Сондықтан, бәрі аяқталған соң жігіт 15-20 минуттай әйелін сүйіп, құшақтап жата тұрса, әйел өзін әлемдегі ең бақытты жан санайды. Секстан кейін ұйықтап қалуға да болмайды.


 


4. Өзін ғана қанағаттандырады.


Еркектер ләззат алса, әйелге де ұнады деп ойлайды. Жыныстық қатынаста эгоизм деген мүлде болмау керек. Әйелінің оргазм алғанын күту керек ері. Енді басталып келе жатқан ләззатты өз шаруасын бітіргесін тоқтата салуға болмайды.


 


5. Омырауын ұстай береді.


Омырауын қайта-қайта ұстап, қатты қысып, тістеп, сүйе берген қыздарға ұнамайды. Еркектер әйелдердің ең эрогенді аймағы – төсі деп ойлайды. Олай емес, төсіне қол жүгірткен сайын әйелдің «жыны қоза бастайды».


 


6. Поза ауыстырмайды.


Өзіне ыңғайлы, ұнайтын позасында жыныстық қатынасты бастап, сомен аяқтайды. Бір қатынастың өзінде бірнеше қалыпқа көшу керек. Ері фантазиясын іске қоссын, болмаса, әйелін тыңдасын!


 


7. Оралды секс сұрайды.


Минет жасап беруін өтінетін, жалынатын еркектер әйелдерге ұнаған емес. Бәрі өзінен өзі орын алу керек. Жыныстық мүшесін аймалағанын қалап тұр ма, алдымен өзі әйеліне жасап берсін. Айтпаған күннің өзінде, басын төмен түсіріп, ымдағанның өзі әйелге кері әсерін береді. (мұндай әсіресе, қазақтың әйелдеріне жат)


 


8. «Бітірдің ба» деп сұрайды.


Әйел міне, міне оргазм алғалы жатқан сәтте тоқтап қалып, «Бітірдің ба» деп сұрайды. Бұл сәтте әйелдің көңілі бөлініп, «келе жатқан нәрседен» айрылып қалады. Еркек әйелдің оргазм алған-алмағанын сұрап білмей, сезіну керек.Қалағаны болмаған әйел осыдан-ақ шу шығаруы немесе келесі жолы жыныстық қатынасқа түспеуді қаламауы әбден мүмкін.


 


9. Құлаққа сілекейін жағып, үрлейді.


Аймалау, әрине жақсы. Құлақты ақырын сүйіп, тістеген де қоздырады әйелдерді, өйткені, ол – эрогенді аймақ. Алайда, ол әрекетті қайта-қайта қайталап, құлақтың бәрін сілекейлеп тастау әйелдерге ұнамайды. Нәзік істеу керек.


 


10. Секспен айналысып жатып, сұрақ қояды, сөйлей береді.


Әйелдерге жыныстық қатынас кезінде әңгіме айту емес, ләззат алған ұнайды. Оларға «Ұнады ма?» деген сұраққа өте жиі және мәжбүрмен жауап бергенді жек көреді.


 


11. Жыныстық қатынастан кейін жуынбайды.


Спермасын іш киімімен не шүберекпен сүрте салады да, төсекке секіреді. Қайтадан құшақтап, иіскеп жатқысы келген әйелдің көңілі түсіп кетеді. 


anabol.kz




Көрілген: 1360    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 21:27

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
11 Қараша, 13:08
Алу үшін беру керек
22 Қазан, 16:28
Алдымен өзіңді түзе
27 Қыркүйек, 14:07
Ақша көбейтудің 4 тәсілі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30