Әйелдердің көңілін тапқың келсе, көп нәрсені құпия ұста

Әйелдердің көңілін тапқың келсе, көп нәрсені құпия ұста
Арулармен арадағы қарым-қатынастың ашықтығы өте жақсы. Алайда осыны пайдаланып, олардың алдында кез келген мәселе төңірегінде немесе өзіңіздің ішкі ойыңызды бүкпесіз айта беруге болмайды. Яғни кейбір мәселелер адамның ішкі құпиясы саналуы тиіс. Ол сізді әйелдермен түкке тұрмайтын мәселеге бола ренжісіп қалмаудың алдын алады. Ендеше, төмендегі кеңестерімізге назар аударыңыз.
Өтіріктің де зияны бар
Сіз өз әйеліңіздің немесе таныс әйелдің алдында да өз мүддеңіз үшін артық әңгіме, әсіресе, өтірік айтпаңыз. Өзге әйелдер туралы асыра айтқан пікірлер сізді сенімнен айыруы мүмкін.
 Бизнес құпиясы
Сіз әйеліңіздің не таныс бойжеткеннің алдында өз карьераңыз туралы ашып айта бермеңіз. Оның сізге қатысты барлық жағдайдан хабардар болуы, қыруар қаржыны қалай тауып жүргендігіңізді білуі міндетті емес. Сіздің фирмаңыздың табысқа жетуі құпия күйінде қалғаны дұрыс.
Отбасылық құпия
Сіздің әжеңізбен немесе ата-анаңызбен ренжісіп қалғаныңыз таныс аруға түкке қатысы жоқ. Сондықтан отбасылық кикілжіңді ішкі құпия ретінде сақтаңыз. Өйткені басы артық әңгіме қызды түңілдіргеннен басқа пайдасы жоқ.
Сіз армандаған ару
Сүйіктіңізбен сырласу барысында басқа қыздардың немесе көшеде кездесіп қалған ару-лардың төсінің көз тартатындығы, аяғының түзулігі, балтырының толықтығы, құлын мүшесі туралы әңгіме айта бермеңіз. Мұндай әңгіме сізге қызық болғанымен, оған жаныңыздағы кез келген бойжеткен ренжіп қалады.
Сүрінсеңіз – сақ болыңыз!
Сіздің тиянақсыздығыңыз достарыңыздың күлкісін келтіруі мүмкін. Бірақ қандай жағ-дайда да осындай әрекеттерден сақ болыңыз. Өйткені аз ғана кемшіліктің өзі сізге көлеңке түсіріп, «жолы болмаған жігіт» деген атқа қалдырады. Ал мұндай жуан жұдырықтыларға арулар үнемі күдікпен қарайды.
Бұрынғы қыздардан қол үздіңіз бе?
Кейбір жігіттерде танысқан қыздары туралы «ақпарат» жинап жүретін әдет болады. Жақын дос түгілі, сырлас қыздардың өзі мұны дұрыс түсінбейді. Сондықтан тізімді жасырын ұстаңыз. Егер сіздің сүйген қызыңыз оны тауып алар болса, онда… сүйіктіңізбен қоштасуға тура келеді.
Жалаңаш суреттер жинамаңыз
Көптеген әйелдер порнографиялық журналдар мен кассеталарды «төсекқұмар жігіт-тердің ермегі» деп санайды. Сол себепті мұндай өнімдерді сүйіктіңізге көрсетпеңіз. Өйт-кені өзіңізге деген сенімді жоғалтып аласыз.
Жалақы да жасырын болуы тиіс
Сіз дос қыздарыңызға қанша жалақы алатындығыңызды ешқашан айтпаңыз. Себебі ақша да белгілі бір рөл атқарады. Ендеше, болашақ жарыңыз сізді ақша үшін емес, шын сүйетіндігіне көз жеткізгенше шыдай тұрыңыз.
Құпияға қалай қарайсыз?
Егер достарыңыз сізбен әлдебір құпияны бөліссе, ол туралы ешкіммен ой бөліспеңіз. Өйткені сізге сеніп айтылған әңгіме бір бәленің басы болуы мүмкін.
aikyn.kz басылымы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста