Сұрақ-Жауап. Кеңес

Әйелдерге кеңес: Күйзелістен қалай арылуға болады?

  • Әйелдерге кеңес: Күйзелістен қалай арылуға болады?

    Әйелдерге кеңес: Күйзелістен қалай арылуға болады?

Өмірдегі қиын жағдайларға байланысты кез келген адам күйзелісті бастан өткеруі мүмкін. Алайда гендік ерекшеліктерге сәйкес бұл сезімді әйел адам ерлерге қарағанда басқаша қабылдайды. Күйзеліске түскен нәзік жандылар бұл шырмаудан қалай шыға алады?

Әйел адам күйзелістің бірнеше түрін бастан өткізеді.


Оның алғашқысы жыныстық жетілу уақытына сәйкес келеді. Бұл кезеңде қыз балаға өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар келе бастайды.


Осы жаста денеге тату мен пирсинг салдыру да өзін-өзі қинауға деген талпынысты көрсетеді. Осылайша қыз баласы ішкі дертін жазғысы келетін көрінеді.


Дәл осы кезеңде жасөспірімде мұңға батыратын алғашқы ғашықтық та орын алады екен.12-18 жас арасында өтетін бұл кезеңде қыз баласына қолдау ауадай қажет. Ал ата-анаға өз баласын түсіну үшін, ең бастысы, дұрыстап сөйлесе алу керек екен.


Қыздың анасы бұл уақытта тек ұрысып емес, жай түсіндіруі абзал, ал әкесі міндетті түрде оның бойжетіп келе жатқанын айтып отыруы керек.


Келесі кезең 30 жастағы әйелдің күйзелісі болып табылады. Өйткені, ол бұл уақытта ол өзін бұрынғыдай жас сезіне алмай қалады екен.


Алғашқы жастық ерекшеліктерін байқаған ол өмірдің мәнін түсіне алмай әлек болатын көрінеді. Ал әйел бұл уақытта тұрмыс құрмаған болса, мүлде өзін керексіз сезініп қалуы мүмкін екен.


Бұл уақытта нәзік жандылар сырт келбетін емес, денсаулықтары туралы ойлағаны абзал. Өйткені, осы жаста олар бұрынғыдай түнде қыдырып, екі сағат ұйықтап, әдемі болып жүре алмайтынын түсінуі керек. Бұл жаста қоғам түсінігіне еріп, өз өміріңізді "дұрыстаудың" да қажеті жоқ. Егер өзіңіз тұрмысқа шығып, бала босануды қаламасаңыз, басқа адамдардың ықпалымен бұл әрекетке бармағаныңыз абзал. Себебі, ойланбай істеген ісіңіз ертең өзіңізді өкіндіріп қоюы мүмкін.


Дәл осы кезде сіз өмірдің өзгеріске толы екенін, кез келген сәттің бақытын сезіну керек екенін түсінесіз.Әйел адам 40 жасқа келгенде де бір күйзелістің шырмауына ілінеді. Бұл уақытта нәзік жандылар өздерін басқа адамдармен салыстыра бастайды. Жұмысын ұнатпайтын әйелдер өмірден қатты шаршап жүреді.


Бұл жаста әйел адам өз өмірін өзі құрағанын түсінуі керек. Ол өзіне адал, өз таңдауына берік болуы қажет. Сондай-ақ, осы кезеңде өз денсаулығына баса назар аударуы керек.


50 жастың күйзелісі кез келген әйелде болады. Бұл уақытта нәзік жандылар климаксқа ұшырап, көңіл-күйі де құбылмалы бола бастайды. Ол өмірде көп нәрсеге үлгермей қалғандай сезінеді. Бар ғұмырын күйеуі мен балаларына арнағандай күй кешеді. Бұл кезеңде ол махаббат туралы көп ойланып, жаңа серіктес іздей бастайды.Бұл жаста әйел адам өз бойында гормондық өзгеріс болатынын түсінуі керек. Сіз қанша махаббатты аңсасаңыз да, жас кездегідей сезім болмайтынын ұғынуыңыз керек.


Әйел адамның өміріндегі соңғы күйзеліс жасы 70-ке таяған тұста орын алады. Бұл уақытта ол психологиялық тұрғыда тұрақсыз бола бастайды екен. Жақындарының назарын өздеріне аударуға тырысу да осы кезеңге сәйкес келеді.




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2018, 21:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31