Балабақшаларда күзетші болуы керек пе?

Балабақшаларда күзетші болуы керек пе?

Екібастұзда ата-аналар балабақшадағы күзеттің алынып тастағанына алаңдаулы, деп хабарлады pavlodarnews.kz. Порталдың хабарлауынша, Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтің блогына ата-аналар балабақшалардағы күзеттің алынып тастағанына наразы екендерін жазып, бүлдіршіндердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген.

Ата-аналардың бірі Елена Краснобородкина былай деп жазба қалдырған: "Қайырлы күн! № 24 "Айналайын" балабақшасының ата-аналар комитетінің атынан жүгініп отырмын. Неліктен күзетті алып тастаған? Ата-аналар балалардың сақтығы үшін уайымдауда. Осы мәселені қарастыруыңызды сұраймын". Бұл жағдайға қатысты білім беру бөлімінің басшысы Жазира Хамзабаеваның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдардың типтік ережелеріне сәйкес, балаларға ата-аналардың есебінен тек тамақтануға ғана ақша жинауға рұқсат берілген. Ал, басқа мақсатта қаржы жинауға тыйым салынған. "2008 жылдан бері балабақшаларда күзетшілер жұмыс істеп келген. Алайда 2017 жылдың 29 желтоқсанынан бастап күзет қызметін алып тастадық және бұл ата-аналардың ортақ келісімімен шешілген мәселе. Біріншіден, ата-аналар күзетшінің қызметіне ай сайын 500 теңгеден төлеп отырған. Дегенмен олардың жұмысына көңілі толмайтынын айтып, шағымданған. Себебі көптеген жағдайда бұл қызметке зейнеткерлікке шыққан, жасы келген адамдар тұратыны белгілі және қандай да бір қауіп төнген жағдайда олардың балаларды қорғауға шамасы жете бермейді. Бұған қоса, соңғы кездері бүгін кіріп, ертең шығып кете берген. Бір балабақшада үш күзетшінің әрқайсысына 25-27 мың теңге төлеп келген. Сондықтан да адам жиі ауысады", - деді Жазира Хамзабаева. Бөлім басшысы қазіргі таңда үкімет тарапынан балабақшалардың толық қамтамасыз етілгенін және бұл міндетті түнгі ауысымдағы күзетші, күндіз балабақша қызметкерлері кезекшілік кестесіне сай атқаратынын атап өтті. "Күндіз кезекші отырады және әрбір топтың тәрбиешілері балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей жауап береді. Балабақшалар сыртқы және ішкі бейнебақылау жүйесімен жүз пайыз жабдықталған. Сонымен қатар, антитеррорлық әрекеттердің алдын алу мақсатында "қауіпсіздік батырмасы" іске қосылған. Егер де мекемеге сырттан таныс емес бөтен адам кірсе, осы батырма арқылы дереу қызмет көрсететін күзет фирмасы бар. Олар қауіп төнген жағдайда 2-5 минуттың ішінде жетуі тиіс", - деді Хамзабаева. Айта кетейік, қазіргі таңда Екібастұз қаласында 26 балабақша мен екі шағын орталық бар. 1-6 жас аралығындағы 7 815 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста