Сұрақ-Жауап. Кеңес

Баланың туу туралы куәлігін ұялы телефон көмегімен алуға болады

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Биылдан бастап жаңа босанған аналар сәбиінің туу туралы куәлігін ұялы телефонның көмегімен-ақ ала алады. Сонымен қатар балабақша кезегіне тіркелу, бір реттік жәрдемақы алу мәселесін де SMS хабарлама арқылы шешеді.


"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясындағы бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде сынақ түрінде жүзеге аса бастады. Енді бала өмірге келісімен, оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.


Қызылордада проактивті қызмет түрін алғаш пайдаланған аналарды халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары құттықтап, туу туралы куәліктерін тапсырды.


Осылайша перзентханадан шықпай-ақ, бір өтінішпен 4 мемлекеттік қызмет түрін пайдалану тәсілін насихаттау шаралары жүруде.


Айнұр Тобаева, Қызылорда облысы бойынша ХҚКО директоры:


– Елбасының соңғы халыққа арнаған Жолдауында да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына аса мән берілді. Жыл басынан бастап осы қызмет біздің пилоттық жобада Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосылды. Біздің Қызылорда өңірінде қазіргі таңда SMS хаттар барлық босанған аналарға келіп жатыр. Бүгінгі таңда өздеріңіз көріп отырғандай, SMS-ке дұрыс, толық жауап берген аналарға туу туралы куәлігін табыстап жатырмыз. Жаңақорған, Шиелі, Қазалы, Арал аудандарының бәрінде бұл бағытта жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатыр.


24.kz


 




Көрілген: 406    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 15.01.2018, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 13:19
    Ең жақсы антибиотик

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28