Банан қабығының қандай пайдасы бар?

Банан қабығының қандай пайдасы бар?

Таяуда ғалымдар банан қабықшасынан көңіл күйді жақсартатын гормон - серотонинді анықтады. Сондай-ақ қабықшада шел ауруы мен макулярлық дегенерацияның дамуына жол бермейтін лютеин көп екен.

Сондай-ақ, банан қабықшасында ішек жұмысын реттейтін өзек бар. Сонымен қатар, оның құрамында магний, калий, А, С, В6, В12 дәрумендері, ақуыз көп кездеседі. А дәрумені тістер мен жұмсақ тіндер үшін пайдалы болса, В6 дәрумені иммунитетті сақтап, ми мен жүректің қалыпты жағдайына жауап береді. Сондай-ақ ол қандағы қант құрамын реттеп, көңіл күйді жақсартады. Ал В12 дәрумені бас миы мен жүйке жүйесі үшін пайдалы болып шықты.

Ендеше банан қабықшасының біз білмейтін пайдасына тоқталайық:

Тісті ағартады
Кәдімгі тіс пастасымен тісіңізді тазалап болғаннан кейін, тістеріңіздің үстін банан қабығының ішкі бөлігімен екі минуттай сүртіңіз. Қабықтағы калий, кальций, магний, марганец және фосфор сынды минералдар тіске пайдалы әрі оны ағартуға септігін тигізеді. Артынан бананның қалдықтарын кетіру үшін тісіңізді тағы бір рет жуып, тісіңізді ағарту үшін осылай күніне 1-2 реттен қайталап тұрыңыз.

Жараны жазады
Бананның қабығының құрамындағы түрлі табиға майлар мен ферменттер күннен күюден, жараны тез жазатын қасиетке ие. Сонымен қатар, ол қабыну мен түрлі жәндіктердің шағуынан пайда болатын тітіркенуді де басады. Ол үшін бананның қабығын ішкі жағымен жараға немесе шағылған жерге қойып таңып тастаймыз немесе ысқылаймыз. Күніне бірнеше рет осылай істесеңіз, жара тез жазылып кетеді.

Сүйелді кетіреді
Бананның қабығы халық емінде сүйелді кетіру үшін қолданылады. Ол үшін бананның қабығын іш жағымен сүйелдің үстіне қойып бір күнге байлап қоямыз. Сүйел жоқ болып кеткенше осылай істеп жүру керек. Кейбір сүйелдер бір аптада кетсе, кейбіреулерінің кетуі үшін бір айдай уақыт қажет.

Псориаз бен безеуді кетіреді
Псориаз бен безеуді кетіру үшін бананның қабығын ішкі қабатымен қабынған жерлерді сүртсеңіз, бірнеше күннен кейін өзгерістерді байқай бастайсыз.

Теріге пайдалы
Банан қабығы минералдар мен антиоксиданттарға бай. Егер күнделікті онымен бетіңізді, мойныңызды сүртіп тұрсаңыз, теріңіз ылғалданып, әжімнің түсуі азаяды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста