Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бәрі де идеядан басталды

  • Бәрі де идеядан басталды

    Бәрі де идеядан басталды

Нақты өмірден бір мысал. Бакалея дүкенінің сатушысы тағдыр тәлкегімен барынан айрылып, жұмыссыз қалған еді. Бухгалтерлік тәжірибесі бар ол қазіргі заманғы іс жүргізу жөніндегі қысқа мерзімді курста оқып, бухгалтерлік есептің уақыт талабына сай өзгерістерімен танысты. Бакалея ісімен де жете таныс ол осыдан кейін жүздеген ұсақ саудагерлермен азын-аулақ ақшаға бухгалтерлік есебін жүргізіп беруге келісім-шарт жасады.


Жаңа идея бірден үлкен сұранысқа ие болып, көп ұзамай кейіпкеріміз пошта таситын жүк автокөлігін бухгалтерлік құрылғылармен арнайы жабдықтап, жылжымалы бухгалтерияға айналдырды. Қазіргі күні ол осындай жылжымалы бухгалтериялық автокөліктерден тұратын бүтін бір паркті иеленеді және қарамағында жүздеген адам қызмет етеді. Осылайша ол енді мыңдаған ұсақ саудагерлерге бухгалтерлік қызмет көрсете жүріп, бұрынғы сатушы болған кезіндегіден ондаған есе көп табыс табатын болды. Ал оның бұндай жетістікке жетуіне арнайы білім мен тәжірибе көмегін тигізген еді.


Бәрі де идеядан басталды.


Бұрын саудамен айналысқан жұмыссыз бір адамға осы идеяны ұсынғандықтан, бұдан да көп табыс әкелетін басқа да идеялардың жұртшылыққа ұсынуыма моральдық құқым бар деп ойлаймын.


Бірде мен көтерме саудамен айналысатын коммерсантпен сөйлесе қалдым. Ол кездескен қиындықтан шығудың амалы жөніндегі менің идеяма бірден құлақ асты. «Идея тамаша, бірақ бұдан қалай ақша табуға болатынын санама сыйғыза алмай отырмын» -деді содан кейін. Екінші сөзбен айтқанда, ол бухгалтерлік жұмыстағы жаңа білімін қалай іске асыру қажеттігін білмейтін болып шықты.


Осы жай түрткі болып, жаңа идеяны таратуға ниет еттім. Жас машинистка қыз арқылы бірлесе отырып, жылжымалы бухгалтерия жөніндегі жаңа идеяны жинақтап баяндайтын кітап дайындалды. Сөйтіп, ұқыптылықпен тасқа басылып, беттелген бұл кітап кез-келген адамның аса құнды кеңесшісіне айналды. Кітап арқылы таралған бизнестің жаңа түрі халық арасында кең қолдау тауып, соның нәтижесінде кітап авторының есеп-шоты қомақты қаржымен толыға түсті.


Көшірме жағдайы


Еліміздегі мыңдаған жандар «өз қызметіңді қалай сатуға болады» деген мазмұндағы оқулық құрастырған маманға шексіз алғыстарын айтар еді.


Төменде келтірілген идея өмірде кездескен күтпеген жайдан пайда болған және оны кез-келген адамның пайдалануына толық мүмкіндігі бар. Идея авторы – әйел, өте ақылды жан болды. Ол жаңа ғана дүние есігін ашқан идеясы практикалық жетекшілікті қажет ететін мыңдаған адамның мұқтаждығын өтейтін жаңа мамандыққа айналуы мүмкін екендігін анық түйсінді.


Қайратты да, қажырлы әйел ұлының алдынан шыққан қиындыққа орай «өз қызметіңді қалай сатуға болатындығы туралы нақты жоспар» идеясын дүниеге әкелуге бел байлады. Колледжді жаңа бітірген жас жігіт өз қызметін қалай, кімге сатуға болатынын білмеді. Өз ұлына арнап жасалған әлгі әйелдің жоспары – осы саладағы үлгі тұтарлық оқулықтардың ең жарқыны болды деп айта аламын.


Бұл жоспар елу беттік тасқа басылған нақты мазмұндалған ақпараттан тұрады. Ол жоспарда жас маманның табиғи қасиет-қарымы, мектептегі жетістіктері, жеке басының тәжірибесі, қоғамдағы болашақта жетсем деген жетістіктері мен арман-мақсаттары, бір сөзбен айтқанда өмір жолын жаңа бастаған жастың болашаққа деген көзқарас ұстанымдары нақты және толымды қамтылған.


Мұндай кітапты дайындау бірнеше аптаға созылды. Осы кезең ішінде анасы баласын кітапханаға қажетті ақпараттарды әкелуге жіберіп отырды. Анасы ұлын сондай-ақ, оған жұмыс беруге тиіс кәсіпкерлерге жіберіп, бәсекелестердің өмірлік тәжірибелері мен ұстанымдары туралы да ақпарат алды. Бұндай ақпараттардың нақты жоспар жасауға тигізген ықпалы өте зор болды. Нәтижесінде жоспарда болашақ жұмыс берушінің назарына қызметкерді алғанда қажет болатын аса құнды ұсыныстар берілді.


Өмірді сақтауға қажет он жыл


Біреу болмаса біреудің «Жұмыс табу үшін осыншама әурешілікке түсудің жөні бар ма?» деуі мүмкін. Бұған мен: «жақсы іс ешқашан әурешілік болмайды» деп жауап беремін. Әлгі әйелдің өз ұлына арнап жасаған жоспары ұлының қалаған мамандығына және өзі белгілеген деңгейдегі жалақымен жұмысқа еш кедергісіз орналасуына мүмкіндік берді.


Оның үстіне, анасы жасаған жоспар арқылы орналасқан қызметі жас маманға бәрін жаңадан бастау әурешілігінен құтқарды. Ол енді жас басшы ретінде өз қызметін бастады. Ал сіз «әурешіліктің қажеті бар ма?» дейсіз.


Алдын ала дайындалып, нақты жоспарланған «өзін ұсыну» тәсілі әлгі жасты кем дегенде он жылдық қызмет баспалдағымен алға жылжу әурешілігінен құтқарды. Жалпы, бәрін нольден бастап, қызмет сатысымен ақырындап биікке көтерілудің қажеттігі бар ма?


Біреулер үшін бәрін басынан бастап, ақырындап жоғары өрлеу өмір тәжірибесін беретін шынайы жол деп қабылдануы мүмкін, дегенмен мыңдаған жас мамандар бастарын көтере алмай жұмыс істейтіндіктен, жоғарыдағылар оларды көздеріне де ілмейді. Осылайша ондайлар өмір бойы төменде қала береді. Сондай-ақ, өмірге төменнен қарау адамға қанат бітіріп, биіктерге құлшындыра қоймайтыны да рас. Яғни, бұл жастардың өзіне деген сенімі мен асқақ армандарын жояды. Бірсарынды өмір соқпағына түсіп алған соң адамның одан шығуы да қиынға соғады. Көп ұзамай бұның өзі адамның табиғи болмысына айналып кетеді де, енді ол өмірін өзгертуге еш талпынбайды. Сондықтан да, бәрін нольден бастамай, тым болмағанда екі-үш саты жоғарыдан бастау болашақта биіктерге құлшынуға және қолайлы сәтті қалт жібермей бірден іске кірісуге игі ықпалын тигізетіндігін естен шығармау қажет.


akikat01.com




Көрілген: 759    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.02.2018, 17:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан, 00:07
    Ақ түстің энергиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31