Батыс пен Шығыстың төсек қатынасына көзқарасы

Батыс пен Шығыстың төсек қатынасына көзқарасы

Бүгін біз Камасутраның секс өнері үлгісі мен тантрикалық секс үлгісін өзара біріктіріп өзіміздің қалауымызша секспен айналыса аламыз.

Ал ертеректе Шығыс пен Батыстың секс өнері 3 қайнаса сорпасы қосылмайтын.

Адамзат алғаш пайда болғанда шығыс пен батыстық секс мәдениеті ұқсас болған. Ол кезде бәрі қарапайым болды. Фаллос ұятты дене мүшесі боп есептелмеді. Керісінше жаңа өмір бастауының символы саналатын. Ежелгі Үнді, Мысыр мен Грецияда адамның ең басты мүшесі саналып, ол алтыннан, граниттен, қымбат ағаштан қашап жасалды.

Секс өмірдің қажетті бөлшегі саналды, оны тек бала туу үшін емес рахаттанып, ләззатқа бату үшін пайданатын.Бірақ заман өзгерді. Батыс пен Шығыстың жолы 2-ге бөлінді.

Табиғат күші мен күнәға бату

Дәстүрлі шығыс мәдениеті жыныстық қатынасқа тән мен жанды тазартудың ең жойқын күші деп есептеді. Мәселен, Қытайдың Дао ілімі сүйікті адамдарды өзара ер мен әйелге тән тепе - теңдігін ұстап тұруды, оргазмды бір уақытта алуды үйретті. Үнділіктер әлемнің жұмбақ жаратылысын секс арқылы білуге болады деп есептеді. Ал арабтар ері мен әйелінің сексуалды байланысы отбасылық бақытқа бастайтын жол деп ойлады. Ал буддалықтар адамның жалғыз өмір сүруін үгіттеді, олардың пайымдауынша сексуалды энергия адамның ішкі үйлесімдігін бұзады.

Шығыс пен Батыс тоғысқан жер

Шығыс Батысты кітаптың, арнайы үйретілген әйелдердің(гейша) көмегімен, сексуалды тәжірибенің көмегімен сезімтал махаббатқа үйретсе, ал Батыс шығыс халқын сексті жеңіл қабылдауына шақырды. Азияға келген еуропалық еркектер гейшаларды ренжітіп, оларға жезөкшелер ретінде қарады. Ал шығыс халқы еуропалықтар секілді ашық-шашық киіне алмады, өздерінің жүріс-тұрыстарын ашық жария етпеді. Олар үшін секс ек3 адаммның жыныстық күш - қуатпен өзара алмасуы боп есептеледі. Ол сексты бөтен ешкім көрмеу керек. Ал бүгінгі таңда Ким Кардашьян өзінің серіктесімен секспен айналысқан аты шулы видеосымен атақты боп шыға келді.

Уақыт өте келе 2 жақ өзара келісімге келді. Азиялықтар адамзатты порнографиялық комикстерімен қуандыра бастады, шешінген тай қыздары бар күнтізбелерді шығарды. Ал батыстықтар тантрикалық сексті үйреніп, Камасутраның жату үлгілерін пайдалана бастады. Осындай сексуалды қызық үйлесімде секс өнерінің жаңаша бояуы пайда болды.  

qkz.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста