Бауырды қалай тазартуға болады?

Бауырды қалай тазартуға болады?

Дәрігерлер менің бауырымды тазарту қажет деп отыр. Бауырды тазарту жөнінде мағлұмат болса деп едім. Жалпы бауырды қалай тазартуға болады?

Айдана

Сауалыңыз орынды. Бұған мән берген өте дұрыс. Бауыр арқылы бүкіл денемізге ірі қан тамырлары өтеді. Бауырды қан тазартқыш және коректік заттарды химиялық жолмен бойға сіңімді ететін ірі лаборатория десек те болады. Бауырдың өндіретін затының бірі кәдімгі өт. Бауыр қызметі бұзылып, оның жолы бітелсе өт ағзаға жайылып, кәдімгі сары ауру кеселі басталады. Бауырдың жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оны бірнеше дүркін, кемі 5 рет тазалау керек. Өйткені бауыр төрт бөліктен тұрады. Бір тазалағанда оның бір бөлігі ғана тазарады.
Енді бауырды тазартудың И.И. Нестерев ұсынған тәсіліне назар аударыңыз. Ол үшін бір апта бойынша әзірлік шараларын жасап, күн сайын жылы ванна қабылдау керек. Жылы судан соң міндетті түрде салқын сумен шайыныңыз. Соңғы ванна бауырды тазалаудан бір күн бұрын жасалады. Бір апта бойына (егер уақытыңыз аз болса үш күнде жетеді) тек жеміс-жидек, көкеніс жеп, қолдан сығылған алма, қызылша шырынын (4-5 алма мен қызылшаның бір бөлігі) көбірек ішу керек. Күн сайын клизма жасалады. Осының бәрін ыждаһатпен орындасаңыз, онда дайындығыңыз жақсы өтті деп есептейміз. Ал енді тазарту алдындағы жауапты сәттерге нақтырақ тоқталайық.
1-ші күні таңертең клизма. Жеміс, көкеніспен жеңіл ғана түстік жасалады. Күні бойы алма шырынын ішесіз.
2-ші күні және 3-ші күні де осылай таңертең клизма жасап, көбірек алма шырынын ішу керек. Сағат 15 шамасында бауыр тұсына грелка қояды. Осылай бауыр шайғанша жүреді.
Сағат 19-20 шамаларында бауырды тазалауға кірісесіз. Алдыңызда 2 стақан. Бірінде оливка майы (егер ол болмаса пісте майы) және лимон шырыны. Әрбірінің мөлшері 300 гр болсын. Олар алдын-ала 30-35 градусқа қыздырылып қояды. Алдымен майды үш ас қасықтай мөлшерде ұрттайды да артынша нақ осындай мөлшерде лимон шырынын ұрттайды. Арада 15 минут өткізіп барып тағы осылай ұрттайды. Осындай әдіспен екі стақандағы май мен шырынды тауысасыз. Грелканы 2-3сағаттай ұстаңыз.

meninkyzmetim.ucoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста