Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бауырды тазалайтын 6 әдіс

  • Бауырды тазалайтын 6 әдіс

    Бауырды тазалайтын 6 әдіс

Бүгінгі таңда бауыр ауруларына шалдыққан адамдардың саны күн санап көбейіп келеді. Сондықтан біз бұл жазбамызда аталған аурудың алдын алу жолдарын ұсынғымыз келіп отыр. Ендеше төмендегі 6 әдіске мұқият назар аударыңыздар.

1. Бір стақан таза суға лимонның тең жартысын қосып ішіңіз. Лимон шырыны бауырыңыздағы барлық зиянды зәр, уытты шығаруға көмектеседі.


2. Сарымсақ пен жуаны жиі жеуге тырысыңыз. Ол сіздің достарыңызға ұнамауы мүмкін, алайда оның бауырыңызға әсері мол. Өйткені сарымсақ пен жуаның құрамында ағзадағы артық заттарды сыртқа шығаратын пайдалы элементтер бар. Сонымен қатар, бактериялардан да оңай құтыласыз.


3. Шұбар алатікеннен шай жасап ішіңіз немесе бұл өсімдікті суға қосып тұтыныңыз. Себебі, алатікенде бауыр клеткаларын улы заттардан қорғайтын силимарин көптеп кездеседі.


4. Брокколи, болгар бұрышы, құлпынай, лимон, түрлі-түсті орамжапырақ, жасыл бұршақ, апельсин, қызанақ, бүлдірген, жалбыз, аскөк, қырыққабат, саумалдық, балдыркөк, грейпфрут секілді С дәруменіне бай жеміс-жидек пен көкөністі көбірек жеңіз.


5. Бақбақ жапырағын шайға немесе салат пен сорпаға қосып ішуді ұмытпаңыз. Әрине саябақта өсіп тұрған бақбақты жұлуға болмайды, бірақ өзіңіздің бағыңызда болса, оны міндетті түрде жинап алғаныңыз дұрыс.


6. Үнді тағамдарын дайындап үйреніңіз. Олар өте дәмді және тағамдарының басым көпшілігінде куркума болады. Оның сіздің ағзаңызға пайдасы көп. Сонымен бірге бауырыңызды да түрлі аурудан қорғайды.

 




Көрілген: 3092    Пікірлер: 0

сенбі, 03.03.2018, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30