Сұрақ-Жауап. Кеңес

Байлық адамға қалай келеді?

  • Байлық адамға қалай келеді?

    Байлық адамға қалай келеді?

Байлық Алланың адамдарға берген сынағы және ол Жаратқанның қуаты. Сынақ болатыны –екінің бірі байлықты көтере алмайды, асып-тасып ақыл-естен айрылады, нәпсіге құл болады, байлығымнан айрылып қалмайын деп қорқыныш пен үрейге салынады немесе байлығыма байлық қосамын деп ашкөздікке ұрынады және ондайлар айналасындағылардың қызғаныш отына өртенеді. Бұның бәріне төзіп, ақыл-есін жоғалтпай, нәпсіге берілмей, байлықты орнымен жұмсап, АДАМ деген атақты өмірінің соңына дейін сақтап өтетіндер аз. Байлықтың Жаратқанның қуаты болатыны – ол адамдардың мына фәниде қалағанын алып, қалауынша өмір сүруіне жағдай жасайды.


Байлық адамға қалай келеді?


«Биік шыңға тырмысып жылан да, шарықтай ұшып қыран да шығады» дейді халық даналығы. Біреулер байлыққа атадан мұра болып қалған игілік арқылы соны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра көбейту жолымен ондаған, тіпті жүздеген жылдарда жетсе, енді біреулер қысқа мерзімде шарықтай ұшқан қырандай байлық әлемінің шыңына көтеріліп жатады. Сондай-ақ, байлыққа біреулер адал еңбегімен, өз ақыл, қабілетімен жетсе, енді біреулер қылмыстық жолмен, яғни ұрлық немесе жемқорлық арқылы жетіп жатады.


Адал еңбегімен, өз ақыл-қабілетімен келген байлық адамға игілік әкеледі. Ондай жан ақшаның қандай қиындықпен келетінін жақсы білетіндіктен, асып-таспайды, қаржысын бей-берекет жұмсамайды. Әрбір тиынын орнымен, пайдалы іске жұмсап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бейім тұрады. Бұндай жандар әдетте байлығының жемісін осы дүниеде де татып, өлгеннен кейін сауапты істері үшін жәннат несіп болады, сөйтіп екі дүниенің де игілігіне кенеледі.


Керісінше, байлықты арам жолмен, немесе оңайлықпен тапқан пенде ақшаның қадірін білмейді, оны орынсыз жұмсайды, ысырапшыл болады. Ондай жандар әдетте қайыршылық халде өмір тауқыметін тартып жүргендерге мүлдем көз қырын салмайды, қайрымдылық атаулыдан аулақ болады. Өз ақылымен таппаған ақшаны қалай болса солай жұмсай жүріп, қарызға батып немесе басқа да қиындықтарға ұшырап, мына фәниде көп тауқымет тартады, ал өлген соң сауапты істен шет қалғандықтан, Алланың берген игілігін қарақан басы үшін пайдаланған бұндайлар тозақтан орын алып, екі дүниенің де тауқыметіне тап болады.


Әлемдегі бақуатты адамдар


Форбс тізімі бойынша әлемдегі ең бай 10 адам мыналар екен: Байлығы 75-80 миллиард долларды құрайтын Майкрасофт корпорациясының негізін салушы Билл Гейтс әлемдегі ең бай адам саналады. Одан кейінгі орында бір тиынын екіге айналдыру өнерін, яғни инвестицияны жетік меңгерген инвестор Уоррен Баффет және Джеф Безос тұр.


Төртінші орында испаниялық Амансио Ортеро, бесінші орында Фейсбуктің қожайыны Марк Цукерберг, алтыншы орында мексикалық Карлос Слим, одан кейінгі орындарда Ларри Элисон, Чарлз Кох, Дэвид Кох және Майкл Блумберг орналасқан. Испаниялық Амансио Ортеро мен мексикалық Карлос Слимнен басқалары түгел АҚШ азаматтары.


2016 жылы әлемдегі миллиардерлердің саны 1810 болса, 2017 жылы 2043-ке жетіп, миллиардерлердің жалпы табысы 7,67 триллион долларды құрапты. Ал сол миллиардерлердің жартсына жуығы АҚШ-тың үлесіне тиеді екен. Осыған қарап, бұл елдің әлем экономикасындағы үлесін анықтауға болатындай.


АҚШ-тан кейін миллиардерлер саны көп ел Қытай екен. Бұл елде қазіргі күні миллиард доллардан астам дәулеті бар 319 адам өмір сүреді. Германияда 114, Индияда 101 миллиардер бар. Миллиардерлері көп ондықты түйіндейтін Канадада 39 миллиардер тұрады. Ресейде олардың саны – 96 және бесінші сатыда орналасқан.


АҚШ-тағы ең бай адам Гейтс болса, Қытайдың алпауыттарының көшбасшысы Ван Цзянлинь, Индиялық алпауыттарды Мукеш Амбани бастаса, Ресейдегі ең бай адам Леонид Михельсон екен.


Миллионерлер саны өткен жылы 18 пайызға өсіп, 16,3 миллион адамды құрапты. Сөйтіп, бүгінгі күні әлемдегі ең бай 16 миллионнан астам адам әлем экономикасының 80 пайыздайын иеленіп отыр. Қалған 7,4 миллиард адамның үлесіне 20 пайыз байлық тиеді. Осыған қарап, бүгінгі байлар мен кедейлердің арасындағы кереғарлық деңгейін бағамдауға болатындай.


akikat01.com




Көрілген: 1534    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 10.02.2018, 14:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 13:19
    Ең жақсы антибиотик

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28