Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бетіңіздегі бөртпе нені білдіреді?

  • © Life.ru

    © Life.ru

Бет терісінің бір жеріне ғана қайталанып бөртпе шыға берсе, онда бір мүшеңіздің ауруы, дұрыс тамақтанбау және дұрыс күтім жасамау себеп болуы мүмкін.


Иектегі бөртпе


Егер көп жағдайда безеуді беттің төменгі жағынан немесе төменгі жақ сызығынан байқасаңыз, міндетті түрде эндокринологқа қаралыңыз. Қалқанша бездегі жұмыстың ауытқуы және гармонды теңгерімсіздік бетте осы жағымсыз жолмен көрінеді.


Самайдағы бөртпе


Егер безеулер мен қызарулар самайға көп шықса, терінің құрғап кеткендігін білдіреді. Сондықтан, суды көп мөлшерде ішіңіз.


Маңдайдағы бөртпе


Маңдайға бөртпенің көп шығуына шашқа арналған сапасыз сусабын мен бальзам кінәлі. Себебі олар теріге тиіп, ұсақ тесіктерге кіріп кетеді. Екінші себеп — бетке жаққан бояуды дұрыс кетірмеу. Үшінші себеп — скрабтарды мөлшерден тыс көп пайдалану. Себебі, оларды көп қолданған жағдайда терінің қорғаушы қабатын бұзады.


Ерін айналасындағы бөртпе


Егер ерін айналасына бөртпе көп шыға берсе, тәтті және майлы тағам мөлшерін азайтыңыз. Асқазаныңыз осындай жолмен сізге белгі беріп тұр.


Жақтағы бөртпе


Жақтағы бөртпе жағыңызды таянып (қолыңызды сүйеніп) отырғаннан немесе ұялы телефонмен ұзақ сөйлесуден болады. Сондықтан қолға арналған антибактериялық спрей алыңыз.


Т-зонадағы бөртпе


Т-зонадағы бөртпе жұқарған жүйкенің (күйзеліс, ұйқының қанбауы және т.б) тікелей көрінісі. Сондықтан демалыс алуға тырысыңыз немесе түнімен интернет желісінде отырудан бас тартыңыз. 


reactor




Көрілген: 1468    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 13.11.2017, 20:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Желтоқсан 2017
    Ит жылынан не күтесіз?
    23 Желтоқсан 2017
    Бесік қашан пайда болған?
    15 Желтоқсан 2017
    Көлік атауларының тарихы
    6 Желтоқсан 2017
    Миллиардерден 5 кеңес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31