​Бөлмедегі ауаны тазартудың 11 жолы

​Бөлмедегі ауаны тазартудың 11 жолы

Күздің басында орталық жылу құбыры іске қосылады, көпшілік өзін жайсыз сезіндік деп шағымдана бастайтыны белгілі. Бұған таң қалмайсыз, өйткені біріншіден құрғақ ауада бактериялар тез көбейеді, екіншіден ылғалдың жетіспеуінен адам тез шаршаңқы күйге түседі.

Әрине, ауаны ылғалдандырғыш жақсы атмосфера қалыптастырудың бірден бір жолы. Ал ол болмаған жағдайда не істеу қажет? Сіздерге мұның бірнеше қаапайым жолдарын ұсынамыз.

Жатын бөлмеде кір жайғышты қойыңыз және жатар алдында оған жуылған киімдерді іліңіз. Мұның арқасында бөлмедегі ауа анағұрлым ылғалды бола түседі және сіз түнгі мезгілде тамағыңыз кеуіп ұйқыдан жайсыз оянуды доғарасыз.

Батареяға дымқыл сүлгіні жайып қойыңыз. Кепкенге дейін ол ылғал береді. Қолдан келсе жылу батарейлеріне су құйылған ыдыс қойған дұрыс.

Желдетуден үміт күтпеңіз

Суық ауа қашанда құрғақ. Бөлмені ұзақ уақыт бойы желдеткеннен ауа ылғалданбайды, құрғақ күйінде қалып қояды.

Бөлмеде су толтырылған ваза немесе басқа да ыдыстарды қоюға болады.

Олардың ішіне қалқып жүрген балауыз шамдарын немесе жапырақтарды салып қоюға болады. Болмаса бірнеше вазадан сондай композиция үлгісін құрыңыз. Осылайша сіз бөлмедегі ауаны ылғалдандырасыз әрі оны сәндеп те үлгересіз.

Ванна қабылдап жатырсыз ба?

Суды бірден ағызбаңыз және ванна есігін жаппаңыз, ылғалды ауа бөлмеге жайылғанын күтіңіз. Маңыздысы: егер үйде кішкентай бала бар болса, ваннада су қалған кездері баланы жеке қалдырмаңыз.

Плитада жиі тамақ әзілеп, жиі ыдыс жуыңыз

Қыста ыстық әрі сіңімді тамақ жегенді қалайтыныңызды сездіңіз бе? Ас әзірлеу бөлмедегі ауаны ылғалдандыра түседі. Сорпа қайнатып, компот жасаңыз, рагу бұқтырыңыз. Есіңізде болсын: тамақты пеште пісірсеңіз, ауа құрғақ күйінде қалып қояды.

Бөлме гүлдерін көбірек отырғызыңыз

Жиі суарылатын немесе су шашылатын гүлдерді таңдаңыз, мәселен фикус, қырыққұлақ, бөрітарақ, драцена.

Үй жағдайында ауаны ылғалдандырудың тағы бір жолы — пульверизатор алу және бөлмеде су шашу. Немесе желдеткіш қасына суы бар ыдыс қойып қою.

Бөлмеге гидрогелі бар ыдыстарды қойып шығыңыз

Гидрогель — бұл гүл өсіру кезінде пайдаланылатын декоративті топырақ, бұл ауаны ылғалдандыру үшін де қажет. Гүлді шарлады әдемі әйнек ыдысқа салыңыз да, су құйыңыз. Ылғалдың әсерінен шарлар үлкейіп, бөлмеге ақырындап өз ылғалын таратады. Алайда шарлары бар ыдысты әлсін-әлсін суарып тұру қажет екенін ұмытпаған абзал.

Аквариум орнатыңыз

Ылғалдылықты суы бар кез келген ыдыс беруі мүмкін, оған аквариум да жатады. Қақпақсыз, ашық түрін таңдағаныңыз орынды.

Жөнге келтіріңіз

Жиі Ылғалды тазалау үйде тазалықтың болғанын ғана көрсетпейді, ауада ылғалдың жақсы сақталуына да оң әсер етеді.

reactor 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста