Босанғаннан кейінгі алғашқы қауышу: қашан, қалай?

Босанғаннан кейінгі алғашқы қауышу: қашан, қалай?

Көптен күткен сәби дүние есігін ашқаннан кейін әр әйел бойындағы гормондар «көтерілісін» сезінеді. Мұндайда кейбір келіншектер ләззатқа бөленіп, оның тәтті дәмін татуға асық болса, енді бірі, керісінше, ол туралы ойлауды қойып, бар назары құшағындағы сәбиінде болады. Бұл екеуі де қалыпты жағдай саналады. Десе де, босанғаннан кейін төсек ләззатына қашан бөленуге болады?
Босанғаннан кейінгі әйел бойындағы екі түрлі сезім сияқты бұл сұраққа келгенде дәрігерлердің де пікірі сан түрлі. Бірі 6 апта, енді бірі 2 ай күту керек екенін айтса, дәрігерлердің үшінші тобы босанудан кейін бөлінетін сұйықтық (выделение) тоқтағанша жыныстық қатынасқа түспеу керектігін ескертеді. Алайда көптеген жұптар ештеңені күтпестен, перзентханадан шығар-шықпастан сезімдеріне ерік беріп, төсек ләззатынан тояттанып жатады. Мұның соңы немен аяқталады?

Біріншіден, босанудан кейін бөлінетін сұйықтық (выделение) тоқтамай тұрып, жыныстық қатынасқа түсу түрлі инфекциялық ауру жұқтыруға себеп болуы мүмкін. Өйткені бұл уақытта әйел адамның жатыры ашық, әрі қорғансыз болады.

Екіншіден, босанғаннан кейін уақыт өткізбей болған секс әйел адам үшін өте ауыр болуы мүмкін. Әсіресе, босану кезінде тері тілінген (разрез, разрыв) болса, ауыру сезімі қатты, әрі сондай жағымсыз болатыны сөзсіз. Ал оның салдары әйел адамның төсек қатынасынан бас тартуына, тіпті одан шошып қалуына әкеліп соғады. Сондықтан дәрігерлердің кеңесіне құлақ түрген жөн.

Дәрігерлер айтқан екі айды өткізгеннен кейін бәрін бұрынғыша бастап кетуге тағы болмайды. Бұл уақытта әйелдің ағзасы қалпына келіп үлгергенімен, арадағы үзілістен кейін, яғни босанғаннан кейінгі бірінші қауышу, әсіресе, алғашқы минуттары әйелге тым ауыр болады және бірінші босанған әйелдер ауырлық сезімін қатты сезінеді. Сондықтан төсек қатынасына бармастан бұрын, әйел адамның соған икемделіп, іштей дайындалып, біраз уақыт «дайындық» жүргізгені жөн. Айталық, романтикалық ас, жұлдызды аспан астындағы демалыс, хош иісті гүл, әдемі сөздер... Мұның барлығы әйел адамның босаңсып, өзінің ләззат алуына, еріне де ерекше күй сыйлауына жағдай жасайды.
Егер төсек қатынасына дайын еместігіңізді сезсеңіз, оны кейінге шегерген жөн. Өйткені ол физикалық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да өте ауыр болатыны сөзсіз.
 anabol.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста