Бойы тапал адамдар неге залым болады?

Бойы тапал адамдар неге залым болады?

Адам бойының ұзын-қысқалығы біраз нәрсені аңғартады. Қазақ ішінде «бәкене бойлы, жерге жақын адамнан қорық», деген қалыптасқан сөз бар. Ғылым да оны жоққа шығармайды.

Шынтуайтына келгенде, ғылым, аласа бойлы адамдарды екіге бөліп қарайды. Бірінде тапал бойлы адамдар көбіне қағылез, тез қимылдайтын, энергиясы мол, өте еңбекқор, шағын бойлы болғанымен, шақар мінезді келетінін көрсетеді. Сондай-ақ, ондай адамдар айналасына арамдық жасауға бейім, үнемі өтірік күлетін, сараңдығы басым, қарабайлау, «шық бермес шығайбай» болып келмек.

Ондай кісілер өзге жұрт өзінен қарыз сұрамас үшін үнемі қарсы әрекеттер жасап жүретінін де ғылымдар зерттеп, дәлелдеп қойса керек.

Мәселен, олар өзіне қажет болмаса да «қарыз берші, жетпей тұр еді», дейтін сөзді жиі қайталайтын көрінеді.
Сол өзінен тілі ұзын мыртық бойлылар отбасында да береке-бірлік көп бола бермейтінге ұқсайды. Әйелімен уақыт өте келе ажырасып тынады, не болмаса еркекке тән қажетін өтеуге әлсіз болғандықтан, өмірде бақытсыз жан болып қалмақ.

Алайда, төсекке қабілетсіз бола тұрса да, ондайлар қыз-келіншек біткенді көзбен «шешіндіріп», ішіп-жей қарап, «е-е, бізден қалған ғой», деген сияқты айналасына өтірікті шындай қылып, әңгіме айтып, өзінің еркектік қабілетінің әлсіздігін қызыл тілімен бүркемелеуге тырысады.

Сондай-ақ, тапалдардың «шіркін, бойым ұзын, денем ірі болғанымда өмірім басқаша болар еді-ау», деген ойын жасырмай айтып, үнемі өзін-өзі мүжіп жүретіні де белгілі.

Мұндай езуінен аяр күлкісі кетпейтін, сараң, қолына сәл билік тие қалса, өзгенің үлесін аямай опырып жеуге бекем, қутыңдаған бәкене бойлы адамдар кез-келген ортада бар. Ғалымдардың айтуынша, екіге бөлінетін аласа бойлы адамдардың бір түрі осындай.

Ал екінші топтатағылар кішкене бойлы болғанына қарамастан, тау төңкеріп тастайтын қабілетке ие келеді. Олардың арманы асқақ болады екен. «Бойым неге мыртық» деген ойдан олар ада. Олар керісінше, «әлемді қалай уысымда ұстаймын» деген сияқты амбициясы басым, ұр да жық ойлардың, жаһандық бастамалардың иесі.

Бірақ мұндай екінші топқа жататын бойы қысқа болса да, үлкен қабілетке ие адамдар қазір тым сирек.

Керісінше, бойы бір қарыс, арамдығы қырық қарыс жандар тым көп.

Біздің ұжымда да бойы бір тұтам бір «сұм» бар. Әй, залымның залымы-ау. Үнемі өтірік күледі. Бетіңе күліп тұрып иттік жасайтынын қайтерсің?! Қолында азын-аулақ билік тізгіні бар. Оны да ортаға біреулерді салып жүріп алған. Бойы кішкентай басшы болса да, қол астындағыларға қиянат жасауға келгенде үлкен бастықтарды жолда қалдырады. Қалтасында мыс-мыс ақша жүрсе де, қарыз беруге келгенде сараң. Сылтауы көп. «Үйбәәй, бұл біреудің пәленбайға беріп жіберген ақшасы ғой», «мәшинем бұзылып, соны жөндеуге арналған ақша», «ұлыма телефон әперетін ақшам еді» дегендей таусылмайтын сылтауы бар. «Әй, бұдан қарыз сұрағанша», деп қолды сілтеп, теріс айналасың. Шынында да, кейде өзінен қарыз сұрамасын деп, өзгелерден өтірік сұрап қояды. Ұжымда ол жігіттен бәрі «аллергия» болып біткен.

«Сол тәштекті қойшы, сол қортықты қойшы», деп, қолды бір-ақ сілтейтін күйге жеттік.

Ұжымдағы түрлі қуаныш, тойларға ақша қоспайды:

«Бес мың теңгеден жинау сұмдық қой, мен ол тойда көп болса 500 теңгенің тамағын жеймін», дегені бар.
Дәл сондай бойы бір қарыс, сұмпайы сыныптасым болып еді. Оның да залымдығында шек жоқ еді. Мектеп бітіргенше сыныптастардың одан зиян шекпегені жоқ. Бірақ қазір онымен ешкім араласпайды. Шетте қалды.

Жақында жаңа үйге көштік. Көшкені құрысын, ол жерде бір тәштек қарсы алды. Көшіп келген күннің ертесінде есік қағып, бойы құрттай, көзі тұздай біреу келіп тұр:

«Балаларыңыз көп екен. Тарсылдатып түнімен жүгірмесін, подъезге арба, ойыншықтарыңызды қалдырмаңдар. Мусор шашпаңдар. Тыныштық болсын. Мен прокуратурада істеймін», деп тұр әлгі қортық.
«Өй, шешеңді…. причом тут прокуратура» деп едім, көзі ақиланып, сұқ саусағы ербеңдеп жынданып қалды.

Ия, мектепте де, ұжымда да пәлені осы қортықтардан көріп едім. Енді көршім де қортық болып шыққаны ма? Қалай күрсініп салғанымды білмей қалдым.

Шынында да, қазағымыз «бәкене бойлы, жерге жақын адамнан қорық», деп бекер айтпайды-ау, тегі?!

Япыр-ай, бойы кішкентайлар неге сонша залым болады екен? Айтыңызшы, сіз білетін шығарсыз?


Мағжан Бекділдә

kaz.365info.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста