Сұрақ-Жауап. Кеңес

«Дала дауысын» қашан тыңдаймыз?

Жуырда Қазақ радиосынан беріліп келе жатқан «Дала дауысы» фестивалі қорытындыланады деп естіп едім. Осы жөнінде нақтырақ білгім келеді.

Сәуле Тұрлыбекқызы,
Алматы облысы

Қазақ радиосындағы әріптестері­міздің айтуын­ша, «Дала дауысы» ха­лық­аралық радиофестивалі­нің гала-концерті 21 желтоқсанда Астанадағы «Қаз­ме­диа орталығының» кинокон­церт залында сағат 19:00-де бастала­ды деп жоспарланған. Гала-кон­церт «Қа­зақ­стан» ұлттық арнасына түсіріліп, алдағы уақыт­та теле­көрермендер назарына ұсы­нылатын болады.

Ұлттық әуендерімізді насихаттау мақсатында Қазақ радиосы жыл басы­нан бері «Дала дауысы» атты халық­аралық радиофестиваль ұйымдасты­рып келеді. Оған қатысқан отандық және алыс-жақын шетелдегі әнші­лерге қазақтың дәстүрлі және эстра­да­лық әндерін жоғары деңгейде орын­дау талабы қойылған. Бүгінге дейін Қазақ радиосында, «Шал­қар» арна­сын­да және «Астана» радиосында «Дала дауысы» айдарымен белгілі ән­шілердің орындауын­дағы әндер рет-ретімен беріліп келеді.

Радиофестивальға қатысқан 130 орындаушыға радиотыңдаушылардың интернет арқылы берген дауыстары және кәсіби музыка мамандарының пікір­лері негізінде 50 орындаушы екінші айналымға өтті. Енді осы 50 орындаушының ішінен үздік 25 өнер саңлағына үш аталым бойынша «Дала дауысы» деп көркем безендірілген арнайы кәдесыйлар беріледі. Онда «Үздік дәстүрлі орындаушы», «Үздік эстрада ән­шісі», «Жаңа есім» аталымдары қамтылған.




Көрілген: 1253    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 12.12.2012, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 13:08
    Алу үшін беру керек
    22 Қазан, 16:28
    Алдымен өзіңді түзе
    27 Қыркүйек, 14:07
    Ақша көбейтудің 4 тәсілі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30