Дәрі-дәрмек ішудің ережесі қандай?

Дәрі-дәрмек ішудің ережесі қандай?

Біз ұсынған дәрі-дәрмекті қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Тізім ішіндегі кейбір дәрілер денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
Дәрі-дәрмекті дұрыс қабылдауды білесіз бе?

Дәрігер тағайындаған дәрмек­терді қабылдаудың алдында мына ережелерге назар аударған жөн.

ішетін дәрінің мөлшерін біліңіз;
қабылдау уақыты;
Егер нұс­қаулықта дәріні күніне екі рет қабыл­дау керек деген ереже болса, мынаны есте сақтау керек. Күніне 2 рет қабылдайтын дәрінің уақыт аралығы – 12 сағат, күніне 3 рет болса – уақыт аралығы 8 сағат, 4 рет болса – уақыт аралығы 6 сағат болуы тиіс.

Дәріні ішу аш қарынға, тамақтанар алдында және кейін деп бөлінеді. Себебі, кейбір дәрілер асқазанға, екіншілері ішекке сіңуге бағытталған. Ал, кейбір дәрілерді аспен бірге қабылдағанда емдік әсері жоғалмайды. Тағам, асқазан сөлі, асқорыту ферменттері, өттің бөлінуі кезіндегі процестерде дәрі-дәрмек өзінің қасиетін өзгертуі мүмкін. Сондықтан да, дәрі қабылдаудың уақытын өзгертуге болмайды.

Дәріні қандай сұйықтықпен ішкен жөн?
Тағы бір маңызды ақпарат – дәріні қалай және қандай сұйықтықпен қабылдау тәртібі. Мәселен, тетрациклин, доксициклин секілді антибиотиктерді сүтпен бірге ішпейді. Себебі, сүт құрамындағы кальций препараттың әсерін төмендетеді.

Жалпы, мамандар дәріні ұйықтардан бір сағат бұрын және сумен ішуге кеңес береді.

Сыртында қабықшасы бар капсулаларды шайнауға немесе шетінен тістеп ішуге тиым салынады. Негізінде анти­биотиктер бір-бірімен сәйкес кел­мейді. Оларды ыстықты басатын, ұйқы келтіретін және ішек құрттарға қарсы препараттармен бірге ішпейді.

Тұмау болсаңыз…
Егер тұмау болсаңыз, мына дәрілерді қабылдауыңызға болады. Алайда, бұл препараттарды дәрігердің рецептімен қолданған дұрыс.
Ибупрон – ауруды қатты басатын әрі тез әсер ететін дәрі. Көпіршік және дәрі түрі де бар.
Колдрекс – қан жолдарын кеңітетін препарат. Қолдану үшін ыстық суда ерітіп алған дұрыс.
Назол – мұрынға тамызғыш дәрі. Тұмау кезінде мұрынның ішкі былжыр қабығын кеуіп кетуден сақтайды. Тамызғаннан кейін 12 сағатқа әсері бар.
Парацетамол (панадол, эффералган) – адам ауырған кезде жоғары температураны басуға көмектеседі.
Полиоксидоний – балалар ауырған кезде вирус инфекциясының алдын алу үшін қолданылады.
Санорин – аллергияға қарсы құрамы бар тез әсер ететін тұмау дәрісі.


Бауырыңыз сыр берсе…
Антраль – сапалы препарат ретінде ұсынылады. Бауыр клеткасын кез келген микроб басқыншылығынан сақтайды.
Лиолив – бауырды сарыаурудан сақтауға көмектеседі.
Оротат калия – бауыр жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, ақуыз жинақтайды, зат алмасу процесін жоғарылатады.
Холензим – тамақ қорытуға көмектеседі, ұйытқы бөлінуін жақсартады (фермент).
Эссенциале – соңғы уақытта бауырды емдеуде қолданылып жүрген сапалы дәрілердің бірі.
Асқазаныңыз ауырса…
Альтан – өсімдіктен жасалған дәрі, көптеген асқазандағы жараларға ем болады.
Мотилиум – асқазанның ас қорыту жүйесін реттестіреді.
Париет – асқазандағы қышқылдықты төмендетуге арналған дәрі.
Риабал – асқазандағы түйілуді жақсартады, балаларға беруге болады.
Фосфалюгель – іш қыжылын кетіреді, аналогтарымен салыстырғанда уыты аз.


Көзіңіздің күтімі үшін…
Көзді күту үшін алдымен оның тазалығына баса мән беру керек. Жұмыс істегенде жақсы жарықтанған бөлмеде отырып, арқа мен басты түзу ұстаған дұрыс. Теледидарды қараңғыда қарауға болмайды. Осы ретте ескере кетететін бір жайт, көз тазалығын сақтаумен қатар денсаулыққа да мән берген жөн.

Көз аурулары тұқым қуалауы немесе сыртқы ортаның жағымсыз әсері нәтижесінде жүре пайда болуы мүмкін. Біз ұсынған төмендегі дәрілерді окулист рецептімен босатылған кезде пайдалаған дұрыс.
Зовиракс – көз жақпа майы, көз бен қабақ арасындағы мөлдір ауруды болдырмайды.
Квинакс – шел түскенде қолданылатын үздік профилактикалық өнім.
Корнерегель – гель, көз шынайнасындағы мөлдір қабықты қалыпқа келтіреді.
Ксалаком – ксалатан мен тималол секілді препараттардың жиынтығы. Әрекет күші белсенді.
Ксалатан (траватан) – су қараңғылықта тиімді, бір күнде бір-ақ рет тамызылады.
Систейн – жасанды қабыршақ, артықшылығы – тәулігіне бір рет тамызса да бола береді.
Униклофен – ісіп қызаруға қарсы тамшы түрдегі нестериодты ең жақсы өнім.
Флоксал – тамшылар, антибиотик, микроағзаның аумақты спектрінде әсер етеді.
Флоксаловая мазь – көздің шырықты қабығын бактерия басқанда көмектеседі.
Циклоксан – тамшы түріндегі қуатты антибиотик, түрлі бактерия ауруы түрлерінен сақтайды.

 


Құлағыңыз шыңылдаса….
Құлақ ауруы күз-қыс айларында асқынады. Өйткені, есту мүшесінің аурулары суықтан пайда болады. Құлақ миға жақын орналасқандықтан немқұрайлы қарауға болмайды. Сол үшін құлақтың естуі нашарлағанда немесе суықтан сыздап ауырғанда ең алдымен дәрігерге көрінген дұрыс. Ал мына препараттарды дәрігерге барғанға дейін бір рет қана қолдануға болады.
Амоксицилин – антибиотик, ауру түрін тудыратын белгілерге қарсы.
Клавициллин-амоксициллин + клавуланды қышқыл – микроағзаның сезімтал амоксицилиндерінен бөлек те, бактеерияның бірнеше түріне белсенді әсер етеді.
Отофа – құлақ тамызықтары, құлақтың орта бөлігінің ісіп қызаруына қарсы қолданылатын антибиотик.
Отипакс – ісіп қызарудың алдын алатын және ауруды басатын біріктірілген препарат.
Нимесулид – біруақытта ауыртпайтын, ісіп қызарудың алдын алатын және қызуды басатын қасиеті бар.
Нокспрей – мұрын қуысындағы шырышты қабықтың құрғауына алып келеді, евстахий түтігінің (орта құлақты мұрын-тамақ жолымен ұштастыратын түтік) домбығуын, ісінуін бәсеңдетеді.
Ципрофлоксацин – құлақтың қабынуына қарсы өнім.
Цефаклор, цефиксим, цефподоксим, цефпрозил, цефуроксим – екінші және үшінші заман ағыстың цефалоспориндері. Ампициллин әсер етпеген жағдайда қолданылады.
Эдас-125 тонзиллин – гомеопаттық тамызықтар капли, 2 жасар балаларға бекітіледі.
Эритромицин – пенициллин түрлеріне аллергиясы бар жандарға арналған препарат.
Айта кетейік, дәрігердің тағайындауынсыз өз бетінше кез келген дәріні ішуге болмайды. Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектермен бірге өз бетіңізше «пайдалы», «иммунитетті көтеретін», «бауыр­ды қорғайтын» секілді дәрілік шөптерді қосымша қабыл­даудан сақ болыңыз. 

baribar.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста