Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігерлер суық тигенде неге сүт ішуге болмайтынын айтты

  • CC0 / Pezibear

    CC0 / Pezibear

Суық тигенде сүт өнімдерін пайдалану ауруды асқындырып жіберуі мүмкін, деп хабарлады британ дәрігерлері. Зерттеу нәтижесі Laryngoscope журналында жарияланған, деп жазады РИА Новости.


Мамандар суық тию мен шырыш бөлінуі арасындағы байланыс зерттеді. Бәрімізге белгілі, шырыштағы антибактериялық ферменттер микробтарды өлтіріп, адамды суық тиюден сақтайды. Бірақ ауырып қалған кезде, шырыштың бөлінуі күшейіп, науқас жөтеле бастайды, дауысы қарлығып қалады.


Халық арасында кең тараған тәсіл бойынша суық тиюді сүтпен емдейді, алайда бұл әдістің тиімділігі жайында ғылыми тұжырым немесе, керісінше, жоққа шығаратын гипотеза жоқ. Сол себепті дәрігерлер сараптама жүргізіп көрді, дейді отоларинголог Адам Фрош.


Тәжірибеге 26 ер адам мен 82 әйел адам қатысыпты – олардың бәрі шырыштың шектен тыс бөлінуіне шағымданған науқастар. Қатысушыларға алты күн бойы сүт тағамдарын пайдаланбауға кеңес берген.


Үшінші күннен бастап науқастардың жартысына 350 миллилитр сиыр сүтін, ал қалған жартысына сондай мөлшерде соя сүтін бере бастапты. Бірақ қатысушыларға нақты не ішіп жүргендерін айтпай, сүттердің дәмін өзгертіп қойған.


Науқастар сауалнама толтырып, шырыштың бөліну деңгейін 100 балдық шкала бойынша бағалап отырды. Бастапқыда қатысушылардың көрсеткіші 65 балдың шамасында болса, екі күндік диетадан кейін шырыш деңгейі түсіп кетті (екі топта да 55 балл), бірақ рационға сүтті енгізген соң бұрынғы цифрлар қайтып келді — 63 балл. Ал соя сүтін пайдаланған науқастар өздерін айтарлықтай жақсы сезіне бастаған.


"Аз уақытта жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Сондықтан науқас сүт ішкен соң шырыштың көбірек бөліне бастағанын сезінсе, порциясын азайтып немесе рационнан сүт өнімдерін мүлдем алып тастағаны жөн", — деп санайды Фрош.


Sputnik


 




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30