Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дені сау бала өмірге келу үшін жүктіліктің арасы қанша уақыт болу керек?

  • © Көрнекі фото:uaua.info

    © Көрнекі фото:uaua.info

АҚШ ғалымдары баланың денсаулығына нұқсан келмес үшін жүктіліктің арасы қанша уақыт болуы керек екенін анықтаған. Бұл туралы 7mednews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Әйел адамдарды бала денсаулығына нұқсан келмес үшін бірінші және екінші жүктіліктің арасында қанша уақыт өту керек деген сұрақ мазалайды.


Зерттеу нәтижесінде босану мен келесі бала көтерудің арасы бір жарым жыл болғаны абзал екені анықталған. Осы уақыт аралығында ана денсаулығы толығымен қалпына келеді екен. Ал келесі жүктілік ерте болған жағдайда генетикалық ауытқулар қаупі артып, жүктілік ауыр өтеді екен.


Ғалымдар мың жарым нәрестені зерттеген. Олардың жартысынан көбі аутизммен немесе дамудағы ауытқуларға шалдыққан.


Зерттеу нәтижелеріне сәйкес екі жүктіліктің аралығы неғұрлым қысқа болса, бала жолдасының ажырауы, мерзімінен бұрын босану, сонымен қатар нәрестеде әртүрлі ауытқуларға шалдығу мүмкіндігі артады екен.


Тағы бір ескертетін жайт, әйел адамның жасы ұлғайған сайын ұрық пен жүктілік патологиясы арта түседі екен. Сондықтан жүктілік арасындағы бір жарым жылдық үзіліс 45 жасқа дейінгі әйелдерге қатысты мерзім. Бұл жастан асқан әйелдер үшін нешінші жүктілік болса да, ауытқулар мүмкіндігі артады екен. 




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30