Сұрақ-Жауап. Кеңес

Денсаулық сақтау министрлігі сушиге жаны құмар жандарға ескерту жасады

  • Денсаулық сақтау министрлігі сушиге жаны құмар жандарға ескерту жасады

    Денсаулық сақтау министрлігі сушиге жаны құмар жандарға ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, сапалы өнімдерден дайындалған суши мен ролдар адам ағзасына пайдасын әкелуі мүмкін. Алайда аталған тағамның қауіпті тұстары да жоқ емес екен деп хабарлайды atr.kz.

"Жапон асханасында тағамдық өнімдер термиялық өңдеуден өте бермейді. Дәл осы себепті ролдар қауіпті болуы мүмкін. Шикі балық етін тұрақты түрде тұтыну барысында ішек құрттарын жұқтыру қаупі бар", – дейді санитарлық дәрігерлер.


Олардың сөзінше, мұздатылмаған балықта аз уақыт ішінде ауру тудыратын бактериялар дамиды.


Сондай-ақ, дәрігерлер жүкті әйелдер мен балаларға шикі, қақталған және ысталған балық еті қосылған суши мен роллдарды жемеуге кеңес берді. Елімізде ролдарға көбіне "Филадельфия" ірімшігі қосылады.


"Өндірістік әдіспен әзірленген аталған өнімнің құрамында тұрақтандырғыштар, консерванттар мен хош иістендіргіштер бар. Химиялық заттар да роллдардың зияндылығын көрсететін тізімді толықтырады. Ал суши мен роллдарды сүйіп жейтін адамдар аталған тағамды тек сенімді жапон мейрамханаларынан тапсырыс беріп алып, күмәнді сайттардан аулақ болғаны жөн", – дейді комитеттегілер. 




Көрілген: 836    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.04.2018, 09:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30