Электронды түрде туу туралы куәлікті қалай алуға болады?

Электронды түрде туу туралы куәлікті қалай алуға болады?

-Сәби дүниеге келгенде, оған электрондық үкімет порталы арқылы туу туралы куәлікті қалай алуға болады?

Жанар, Алматы облысы

«ҚР Электрондық үкіметі» порталында АХАЖ қызметтері тізімінде «Сәбидің тууын тіркеуге электрондық өтініш беру» деген тарау бар. Оны ата-аналардың екеуі де пайдалана алады. АХАЖ бөліміне қарапайым өтініш берген кезде ата-ана өтініш, медициналық анықтама және неке туралы куәліктің көшірмесін ұсынатын болса, www.egov.kz порталында ерлі-зайыптылар ЖСН енгізіп, түймені басып, электрондық цифрлық қолтаңбаның онлайн-тапсырысын растаса жеткілікті. ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңының 174-бабына сәйкес, өтініш дүниеге сәбидің келген күнінен бастап, екі айдан кешіктірілмей берілуі тиіс. Өтінімді берген кезден екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне туу туралы куәлікті алу үшін балаға берілген ЖСН, сонымен қатар АХАЖ бөліміне келу уақыты көрсетілген хабарлама келеді. Толық мәліметті 1414 нөмірі бойынша call-орталық мамандарынан алуға болады. Баланың тууын электронды форматта тіркеу қызметі жылдың басында Астанада және Ақмола облысында ғана іске қосылған. Жақын арада еліміздің басқа өңірлерінде де қолжетімді болады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста