Сұрақ-Жауап. Кеңес

Элиталық жезөкше еркектердің не үшін әйелінің көзіне шөп салатынын айтты

  • Фото: fishki.net

    Фото: fishki.net

Саманта Х есімімен танымал элиталық эскорттағы жезөкше отбасылы еркектердің не үшін әйелінің көзіне шөп салатынын айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Жезөкше отбасылы әйелдерге күйеуі оларға опасыздық жасамауы үшін қандай бес әрекетке назар аудару керектігін тізбектеді:


1. Күйеуіңізге жеткілікті деңгейде көңіл бөлмеу


Ер азаматтар әйелінен жеткілікті деңгейде қалағанын ала алмаса, оны өзге әйелден сұрауы әбден мүмкін. Сондықтан күйеуіңізге төсек қатынасында суық болмай, барынша көңіл бөлуге тырысыңыз.


2. Еркектер ұзақ аймалап, асықпай төсек қатынасына түскенді ұнатады


Ер адамдар да сүйіктісінің аймалауын қажет етеді. Олар асықпай төсек қатынасына түсіп, барынша ләззат алғанды ұнатады.



 


3. Сіздің күйеуіңіз жезөкшеге амалсыздан жүгінеді


Күйеуіңіз жезөкшеге жүгінген болса, бұған сіздің де кінәңіз бар. Төсектен жан жарыңызды қуып, оған жылылық танытпасаңыз, ол жылылықты өзгеден іздей бастайды.


4. Төсек қатынасынан сіздің де ләззат алуыңыз маңызды


Еріңіз төсекте сіздің де ләззат алғаныңызды барынша қалайды. Сол себепті, қысылмай жыныстық қатынас көңіліңізден шыққанын байқатуды үйреніңіз.


5. Еркектерге балалар секілді қолдау көрсету керек


Егер сіз тек балаңызға немесе үй жануарына қамқорлық танытып, еріңізге мүлде көңіл бөлмесеңіз, араларыңыз суып кетуі мүмкін. Ер адам жарының оған назар аударып, жұмысындағы жетістіктеріне ортақ болуын, онымен әңгіме-дүкен құруын күтеді. 




Көрілген: 1654    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Маусым, 10:51
    Адамның 7 тазалығы
    26 Маусым, 11:43
    Түс жору
    12 Маусым, 12:18
    Асыл тастың қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31