Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ең қауіпті смартфондар белгілі болды

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Kryptowire қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар бірқатар танымал Android-смартфондарының бағдарламалық жасақтамасы мен қосымшаларында 47 осал тұсты анықтаған, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Today.kz порталына сілтеме жасап.


Мамандардың айтуынша, жүйедегі ақаулар құрылғының 25 үлгісінде анықталған.


Олардың бірқатары теріс пиғылдылардың девайстарға root-қолжетімділік алуына мүмкіндік беретін ақауларға алып келеді. Ал ең қауіпті қателер хакерлерге қауіпсіздігі бұзылған телефоннан хабарламалар жолдауға, экран арқылы фото және видео түсіруге, телефон нөмірлерін көшіруге және кез келген бағдарламаларды байқатпай орнатуға мүмкіндік береді.


Мұндай ақаулар Vivo, SKY, Plum, Orbic, Oppo, MXQ, Leagoo, Doogee және Coolpad компанияларының арзан құрылғыларында анықталған. Сонымен қатар, сарапшылар LG G6, Sony Xperia L1, Nokia 6 және ASUS ZenFone 3 Max секілді танымал андроидтардан да қауіпті қателер тапқан.


«Нарықта ұялы телефондардың жүздеген үлгісі бар және бағдарламалық жасақтаманың мыңдаған нұсқасы кездеседі. Сондықтан, қолмен жасалған ешқандай тестілеу мен бағалаулар телефонда алдын ала орнатылған қосымшалар мен жасақтамалардағы олқылықты түзетуге анықтау бойынша проблеманы шеше алмайды», - деді Kryptowire бас директоры Ангелос Ставру.




 




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.08.2018, 17:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31