Еңбек кітапшасын қайта қалпына келтіру қиын емес пе?

Еңбек кітапшасын қайта қалпына келтіру қиын емес пе?

Еңбек кітапшасын жоғалтып алып едім, онда жазылған мәліметтерді қалпына келтіруге бола ма? Және бұл кітапшаның болуы міндетті ме?

Ермек, Ақтау қаласы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес, еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына (ол бар болған кезде) ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар осы Кодекстің нормаларын көрсете отырып жүргізілуге тиіс.
Заңмен қызметкердің не жұмыс берушінің еңбек кітапшасын жүргізуге міндетті көзделмеген, алайда, егер де сіз жұмыс берушіге еңбек кітапшасын беріп, оның толтырылуын талап етсеңіз, ол еңбек кіташасын алып, онда сәйкес жазулар толтыруға міндетті.
Әрине, заңмен жұмыс берушінің еңбек кітапшасын жүргізуге міндетті болмағанымен, бұл құжаттың зейнетақы төлемдерін белгілеген кезде қажетті болып табылады. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 14 бабына сәйкес, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады. Еңбек кiтапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек өтілі жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негiзiнде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 34 бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар болып, мына құжаттардың кез келгені:
- еңбек кітапшасы;
- тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
- еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
- қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
- жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
- аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорларынан үзінді-көшірмелер немесе аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірмелер;
- жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
- қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
Сөйте келе, қажетті құжаттарды жинау арқылы еңбек кітапшасындағы жазуларды қалпына келтіруге болады. Осы мақсатта, сізге жұмыс берушіге жазбаларды қалпына келтіру жөнінде арызбен жүгінуге, ал егер ұйым жойылған болса мұрағатқа жүгіне аласыз.

meninkyzmetim.ucoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста