Сұрақ-Жауап. Кеңес

Ер адам төсектегі серіктесін жиі ауыстыратындарға кеңес берді

  • © sn.kz

    © sn.kz

Құрсағындағы баласын туа сап әжетхана, қоқысқа тастаған аналар көбейген мына заманда жыныстық қатынас туралы әңгіме түк те болмай қалды. Бір сәттік ләззаттың қызығына батамын деп өмірін астан кестен еткен жандар шаш етектен. Желідегі мына бір жігіттің жазбасы шынында да адамға ой салады екен.


«Әркіммен жыныстық қатынасқа түсетіндерге айтатын ақылым бар. Алдымен секс-серіктесіңіздің денсаулығының жақсы екеніне көз жеткізіп алыңыз.


Адамдардың көбі иммунитеті төмендеп, өзін жайсыз сезінгенде барып дәрігерге қаралады. Сөйтіп, СПИД центрге жібереді оны. Кейбірі ЖҚТБ-ны жұқтырған болып шығады. Сосын әлгі адам осыдан бірнеше жыл бұрын дұрыс танымайтын біреумен жақын қарым қатынасқа түскенін есіне түсіреді. Бұдан басқа да аурулар көп. Абайлаңыздаршы. Кім көрінгенмен жақындаспаңыздар», – деп жазды жігіт Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде.


Республикалық СПИД орталығының мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 1500-дей ВИЧ инфекциясын жұқтыру оқиғасы тіркеледі. Бұл сан жылдан жылға артпаса, азаймай отыр.


ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету аясында ретровирусқа қарсы терапиядан өте алады және тиісті ем-дом қабылдайды.


sn.kz




Көрілген: 2774    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.09.2018, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31