Ер мен әйелдің айырмашылығы

Ер мен әйелдің айырмашылығы

Жігіттер бір шалбар мен жейдені бір апта киіп жүре береді. Ал, әйелдер киім толы шкафты ашады да, киетін түк жоқ дейді. Ер адамға оған не айтылғаны маңызды. Әйелге қалай айтылғаны.

Өзін тану, өзін өмірге белсенді араластыру – адамның психикалық, рухани, физиологиялық дамуындағы маңызды нәрсе. Ерлер күш-қуатына сүйеніп, өзін сенімді сезінсе, әйелдер нәзіктігі арқылы бақыт табады. Екі ортадағы өзгешелікті, айырмашылықты есепке алуды, сонымен санасуды қалай үйренеді? Ер адамның көңілін тапқың келсе, бөгет жасама. Әйелді бақытты еткің келсе, әңгімелес.

Адамдар әртүрлі. Бірақ көзге көрінетін айырмашылық пен көзге көрінбейтіні бар. Бірінші ерекшелік ойлау дағдысында. Ерлер қиындық туса, соны ойлайды. Әйелдер әңгіме қылады. Сондықтан ерлерге өз бетімен ойлануға бөгет жасамау керек. Ал, әйелге ішіндегісін шығарып алуға мүмкіндік беру қажет. Әйтпесе, айтылмаған әр сөз жүрекке қадар жебеге айналады. Сөйлесу – садақпен оқ ату ойынына ұласады.

Келесі айырмашылық қанағаттануға қатысты. Ерлердің көңілі сыртқы жағдаяттарға қарай өседі. Жұмыстағы жетістігі, қолынан келген ерлікке қарай. Әйелдікі – отбасылық қарым-қатынас арқылы өрбиді. Сондықтан ерлер бірінші кезекте өзінің керекті, маңызды, ешкімге ұқсамайтындығын сезінуі тиіс. Қазіргі заман әйелдері біріншілікті еріне берудің орнына онымен тайталасқа түседі. Басты кемшілік осы. Үйіне келген азамат сүйіктісін емес, кезекті қарсыласын көргендей күй кешеді.

Ер адамға не істегені маңызды. Әйелге кіммен бірге жүргені, кіммен бірге істегені маңызды. Қарсы жақтың қателігін көре тұра, қарсы сөз айтпауды үйреніңіз. Бірге болу маңызды болса – онда қандай қателіктерді жасауға бейімділігін көрсеңіз де соны сөз етпеуге тырысыңыз.

Ер адамның қателігі деген жеке тақырып негізі. Әр азаматтың жүрегінде төбелескіш тентек бар. Ал әйелдер ерінің ең осал тұсын көре білетін қабілетке ие. Әрі соған қаттырақ батырып жібергенге бейім. Әйел еркінен тыс солай етеді. Оның жүрегінде мейірбан шипагер өмір сүреді. Бірақ ерінің жүрегін емдеймін деп қателігіне көрсете беру дұрыс емес. Ең тиімді ем – мақтау. Ерін мақтан тұту. Әйел өзін осылай ұстай алса, ері ол үшін бәрін істейді.

Әйел еркекке қарағанда көңіл-күйге берілгіш. Әйелге сөйлесіп, ішіндегісін шығарып алу маңызды. Тыңдаған адам ақыл-кеңес айтпасын. Тек айтылған нәрсені түсінсе де жеткілікті. Ал, ерлер логикамен өмір сүреді. Түйткілдің неден екенін білген соң шешу жолын айтқысы келеді. Әйеліңді сүю деген – оның айтқанын тыңдай білу. Еркек тыңдай білмесе, әйел өзіне назар аудартудың бөгде тәсілдерін іздей бастайды.

Неге ерлер мен әйелдер әртүрлі? Айырмашылықты бағалай білмеудің кесірінен ұрыс-керіс шығады. Адам өмірге сан алуан айырмашылықты көру үшін келеді. Автобуста, көлікте, пойызда, ұшақта, саяхат кезінде, мұражай аралағанда біз өз өмірімізде жоқ өзгешелікті көруге асығамыз. Сүйіктіміздің бойынан мол өзгешелікті табу мүмкіндігіне ие бола тұра оны кемшілік етіп көретенімізге өкпелейміз. Санасы сау адамды әртүрлілік ренжітудің орнына қуантуы керек.

Бақай-есепке сүйенген махаббат – тек қана бақуатты келешек үшін жасалған қадам емес, өзіңіз мүлде білмейтін адаммен өмір өткізу, оны түсінгіңіз, бағалағыңыз, бақытты еткіңіз келмеу екенін де ұмытпаңыз.

Ер адамға жай жетістік емес, өзі біліп жасаған, өз қолымен жеткен жетістік маңызды. Өкінішке қарай, кез келген еркектің жетістігін оп-оңай түкке тұрғысыз ете алатын әйелдері бар. Ер адам жетістікке жетейін деп тұрғанда әйел керексіз кеңесін айтып бәрін бүлдіреді.

Көмектесу – анасының баласына деген табиғи сезімі. Отбасыда бала жоқ, не біреу ғана болса күйеуі де балаға айналады. Еркек мәселені өзі шешу мүмкіндігінен айырылады. Әйелдің түйсігі еркектің логикасын басып озбасын. Еркек – логик. Ол түк түсінбейтін әйелдің түйсігіне сеніп бұл сан күн ойланып тапқан жауапты айта салғанын көтере алмайды.

Еріне көмектесу – оған бөгет жасамауға тіреледі. Ерің жасап қойған нәрсені одан да жақсарту деген ой оны кемсіту болмақ. Еркек мұндайды көтере алмайды.

Айырмашылық көп. Қарым-қатынастың негізгі ұстанымдарын түсінген жан сүйіктісінің жүрегіне кілтті тез табады.

islam.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста